Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Қайыржан Жақсымбетов мәслихат сайлауында өз таңдауын жасады

Қайыржан Жақсымбетов мәслихат сайлауында өз таңдауын жасады

44 қаралым

Бүгін Іле ауданында мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр.

Аудан әкімі Қайыржан Жақсымбетов Өтеген батыр ауылындағы №1062 сайлау учаскесіне барып, өзінің конституциялық құқығын жүзеге асырды.

Айта кетейік, мәслихат депутаттарының құзыретіне жергілікті бюджетті және әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын бекіту, олардың орындалуын бақылау кіреді.

Бүгінде Іле ауданында 92 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Сайлаушылардың жалпы саны – 158 490 адам. Үйден дауыс беруге 291 өтініш келіп түскен.

Аудан аумағында дауыс беру жалғасуда.

↑