Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Шалғайдағы Шалкөде ауылының тұрғындары да өз таңдауларын жасады

Шалғайдағы Шалкөде ауылының тұрғындары да өз таңдауларын жасады

39 қаралым

Бүгінгі мәслихат депутаттарын сайлау науқанында шалғай ауыл тұрғындары да өздерінің азаматтық белсенділіктерін танытып, дауыс беруге қатысуда. Тұрғылықты жеріне қарамастан, әрбір азаматтың сайлау құқығын жүзеге асыруына мүмкіндік берілуі – демократиялық қоғамның маңызды қағидаларының бірі.

Райымбек ауданына қарасты Шалкөде ауылының тұрғындары да сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады. Ауыл халқы маңызды саяси науқаннан шет қалмай, мәслихат депутаттығына үміткерлерге дауыс беріп, ауданның қоғамдық-саяси өміріне өз үлестерін қосты.

Шалкөде секілді шалғай елді мекендер тұрғындарының сайлауға қатысуы – ел болашағына деген бейжайлық танытпай, азаматтық жауапкершілікті сезінудің белгісі. Әрбір берілген дауыс – тұрғындардың өз өңірінің дамуына қатысты көзқарасы мен таңдауының көрінісі.

Сайлау – әр азаматтың конституциялық құқығын жүзеге асыратын маңызды қоғамдық-саяси науқан. Сондықтан шалғай ауылдарда да дауыс беру мүмкіндігінің қамтамасыз етілуі сайлау процесінің ашықтығы мен қолжетімділігін айқындайды.

Райымбек ауданы

↑