Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Рустам Исатаев аудан орталығы – Есік қаласындағы Тұманбай Молдағалиев атындағы аудандық мәдениет үйінде орналасқан №123 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.
«Бүгін елімізде барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Еңбекшіқазақ ауданында қала және ауылдық округ тұрғындарының мүддесін білдіретін 25 кандидат сайланады. Сайлауалды науқан да жоғары деңгейде өтті. Бүгін сайлауға халық та белсенді қатысып жатқаны қуантады. Бұл ел азаматтарының саяси мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігінің жоғары көрсетеді. Әрине, біз сайлауға түсіп жатқан болашақ депутаттарға үлкен үміт артамыз және аудан игілігі үшін бірдесе нәтижелі жұмыс істейміз деп сенемін», – дейді аудан әкімі.
Еңбекшіқазақ ауданында 122 сайлау учаскесі бар, ал сайлаушылар саны – 184 616.
Құралай МҰРАТҚЫЗЫ
Еңбекшіқазақ ауданы

