Бүгін Қонаев қаласында Алматы облысы әкімінің «Заңғар» жастар сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Шарада түрлі салада өз қарым-қабылетін абыроймен танытқан ең дарынды, креативті өңір жастары марапатталды.
15 номинациядан тұратын байқаудың қорытындысында жеңімпаздардың әрқайсысына облыс әкімінің бірінші орынбасары арнайы дипломдар табыстады. Оған қоса, 300 мың теңгенің сертификаты берілді.
«Заңғар» жастар сыйлығының иегерлері:
1. «Үздік жас мемлекеттік қызметші» – Рақыш Темірлан Айдарұлы
2. «Үздік жас дәрігер» – Жандаулет Жібек Маратқызы
3. «Үздік жас ұстаз» – Дәулешяр Бақытәлі
4. «Үздік жас спортшы» – Қасымхан Толғанай
5. «Үздік жас журналист» – Шынтемір Әлібек Талғатұлы
6. «Үздік жас кәсіпкер» – Терлікбаева Сандуғаш Жексембіқызы
7. «Үздік жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы» – Тлеубай Мөлдір Серікқызы
8. «Үздік жас отбасы» – Әзімовтар отбасысы
9. «Үздік жас өнерпаз» – Турдыжан Қуаныш Қабдылмуратулы
10. «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының үздік көшбасшысы» – Зайдуллаева Арайлым
11. «Үздік жас волонтер» – Оксана Ольхова
12. «Жастар үкіметтік емес ұйымының үздік көшбасшысы» – Кеңесов Жомарт Хамитұлы;
13. «Үздік жас әдебиетші» – Бекмұхан Сырғалым Ержанқызы
14. «Үздік жас әскери қызметші» – Лисбаев Байсеит Жанибекович
15. «Ауыл шаруашылығының үздік жас маманы» – Жақатаева Алтынай Насыпкановна
“Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар” жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!