-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жеңіске жетелейді

    19.03.2024
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Жоғары технология
    Жеңіске жетелейді
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

    Қаскелең қаласының тағы бір озат оқушысы Олжас Амангелдин өзі сияқты дарынды балалардың қатарында Кипрде өтетін робототехника саласы бойынша халықаралық жарысқа аттанбақ. Бұл жеңіске Олжас көп жылғы табанды еңбегі мен ізденістерінің арқасында жеткені анық.

    Ол бір кездері Қаскелең қаласында орналасқан Абай атындағы мектеп-гимназияда білім алған болатын. Соңынан тәжірибесін шыңдай түсу үшін Алматы қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебіне ауысып, осы жерде робот құрастыруға маманданған «Pid» командасының құрамында білімін жалғастырған. Олжас бұл жерде, сонымен қатар, химия-биология бағыты бойынша тереңдетіп оқу бағдарламасын меңгеруде. 12 оқушыдан тұратын команданың үш мүшесі 12-сыныпта оқитын болса, қалғаны 10-сынып оқушылары. Арнайы топтың капитаны – Асылбек Қаныбекұлы.
    Дарынды балалар 8-сыныптан бастап түрлі байқауларға қатысып, өз бақтарын сынап жүрген. Шәкірттерінің қызығушылығын аңғарған робототехника пәнінің мұғалімі Айбек Қалабай мен «Әлем» инновациялық орталығында жұмыс істейтін Талғат Сүндетов олардың білім-білігін арттыруға ықпал етеді. Бүгінгі заманның ең озық әрі сұранысқа ие робототехника саласының қыр-сыры мен құпияларын зерделей отырып, жасөспірімдер саланың шеберіне айналады. Осылайша, 2023 жылы дәрежесі өте жоғары екі байқаудың жеңімпазы атанады. Оның бірі Алматы қаласындағы «Атакент» іскерлік байланыс аумағында өткен «Техкап» байқауы болса, екіншісі Астанада ұйымдастырылған еді.
    Талапкерлердің бұл жеңістері Қаскелең қаласында орналасқан Сүлеймен Демирел университетінде өткен халықаралық «First Champion chip» байқауына қатысуға мүмкіндік ашты. Осы жарыстың қорытындысы бойынша құрамына қаскелеңдік Олжас Амангелдин кіретін «Pid» командасы Кипрде өтетін халықаралық жарысқа жолдама алды. Бұл жарыста жеңіс тұғырынан көріне алса, қазақстандық өнертапқыштарға АҚШ-тың Хьюстон қаласында жыл сайын өткізіліп тұратын дүбірлі додаға аттануға мүмкіндік ашылады.
    – «Pid» командасы өте ұйымшыл, ауызбірліктері жарасқан жастардан жасақталған, – дейді Олжас. Бізге шетелде Қазақстан намысын қорғау мүмкіндігі берілгені үшін өте қуаныштымын. Осылайша, біз қазақстандық жастардың білімі мен өнерін әлемге паш ете аламыз. Иә, сол бірлігіміз бен еңбекқорлығымыздың арқасында команда қазіргі заманның жаңа технологиялар әлемінде өз бағытын таба білді. Сонымен қатар, біздің «Firs+Tech Chanenge» жүйесі бойынша 18 жасқа дейінгі жастарды қамтитын жарысқа қатысатынымызды айта кеткен орынды. Сондықтан, бәсеке өте күрделі әрі тартысты болатынына күмән жоқ. Алайда, біз өзімізге сенеміз! Біз де өз тарапымыздан Олжастың алдағы дүбірлі додада жеңіске жетуіне тілектеспіз.

    Қуат Қайранбаев,
    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Жастарға жаңа мүмкіндіктер ашылды

    Жастарға жаңа мүмкіндіктер ашылды

    2 years ago
    АДАМ ҚҰҚЫҒЫ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

    АДАМ ҚҰҚЫҒЫ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

    6 months ago
    Қазақстан президенті: Аралды қорғау қорына көбірек қолдау қажет

    Қазақстан президенті: Аралды қорғау қорына көбірек қолдау қажет

    2 years ago

    Бақытты балалық шақ: Облыста балалар күні қалай аталып өтеді?

    11 months ago
    Облыста үш магнитті-резонансты томография кабинеті ашылды

    Облыста үш магнитті-резонансты томография кабинеті ашылды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.