Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті мектепке дейінгі, жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 2024 жылдың 14-23 наурызы аралығында «Наурызнама» онкүндігін жариялап, оның әр күнін белгілі бір тақырыпқа арнау арқылы ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру ұсынды. Осыған орай 18 наурыз – Ұлттық киім күні деп жарияланған болатын.
Наурызнаманың онкүндігінде ұлттық киімдерді танымал етуге және сәнді киімдер көрсетілімі мен фестивальдерін өткізуге ерекше назар аудару және «Ұлттық киім күні» тақырыптық челленджін ұйымдастыру болып табылады.
Осы орайда, 18 наурыз күні «Алматы облысы білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Ұлттық киім күніне орай «Ұлттық киім- ұрпаққа мұра» атты форум өтті.
Шара барысындағы шеруде мектепке дейінгі ұйымдар ұлттық киім үлгілерін, орта білім беру үйымдары салт-дәстүрлер мен ұлттық спорт түрлерінен қойылымдар көрсетті.
Форумға аудан әкімі Бота Елеусізова, қоғам белсенділері және Шонжы ауылындағы білім беру мекемелері, мектепке дейінгі ұйымдар, қосымша білім беру мекемелерінен жалпы 3 мыңға жуық педагогтер мен оқушылар қатысты.
Игі шара жас ұрпақ бойына патриоттық тәрбие дәнегін егумен қатар, ұлттық киімге деген құрметін қалыптастыруда зор ықпал етті.
Алматы облысы білім басқармасының баспасөз қызметі