-13 °c
Qonaev
Saturday, August 23, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Жаңа автобустар жүреді

    09.04.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Өңір тынысы
    Жанармай тапшылығының алдын алатын оңтайлы шешім
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

    Қарасай өңірінде аудандық әкімдіктің қолдауымен қоғамдық көліктерді жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Осыған орай Қаскелең қаласының ішімен жүретін және Елтай ауылдық округіне қарасты Исаев ауылына қатынайтын автобустар жаңарды.

    Атап айтқанда, №1, №2А және №9 маршруттары бойынша кең де ыңғайлы автобустар жолаушыларға қызмет көрсете бастады. Қоғамдық көліктер жаңарып қана қоймай, қатынау арақатынасы да жиілей түскен. Бұл жерде аталған автобустарды сатып алу Қарасай аудандық әкімдігінің субсидиялық көмегінің арқасында жүзеге асқанын айта кету керек.
    – Бүгінге дейін жолаушылар тасымалымен «Hyundai County» маркалы автокөліктері айналысса, енді бұл қызметті «Dongfeng» маркалы автобустары атқаратын болады, – дейді Қаскелең автопаркінің қызметкері Ерасыл Айтмұхаметов. – Мұның сыртында әр маршрутқа бір-бір автобустан қосылып отыр. Егер бүгінге дейін №1 және №2А бағыттары бойынша үш автобус жүрген болса, енді олардың саны 4-ке жетіп отыр.

    Жолаушылар тасымалын жақсартып, адамдардың жол жүру машақатын азайту мақсатында «AlemPay» ақы төлеу жүйесі орнатылған. Жолақыны аталған компанияның және өзге де банктердің картасымен немесе QR-кодтың көмегімен төлеуге мүмкіндік береді. Үш бағыт бойынша кесімді жолақы құны белгіленген. Мысалы, №9 бағытында қатынау құны 150 теңге болса, Қаскелең қаласының ішінде жүретін №1, №2А автобустарының билет құны – 80 теңге. Ал оқушыларға 50 пайыз жеңілдік қарастырылған.

    Қуат Қайранбаев,
    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Дайындық барысы сараланды

    Дайындық барысы сараланды

    11 months ago
    Алматы облысында мектептерге 42 мың түп шырша көшеті табысталды

    Алматы облысында мектептерге 42 мың түп шырша көшеті табысталды

    2 years ago
    Ұлттық киім – ұлт айнасы

    Ұлттық киім – ұлт айнасы

    2 years ago
    Рәміздер күніне орай ұлттық спорт түрлерінен облыстық жарыс өтті

    Облыс әкімі Рәміздер күніне орай құттықтады

    1 year ago
    Жемқорлыққа жол жоқ

    Алқа билер халық сенімін арттырады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>