Перейти к содержимому

«Таза Қазақстан»: Қонаевта сенбілікке шыққан балақай жұртты сүйсінтті

Қазіргі таңда елімізде «Таза Қазақстан» эконауқаны өтіп жатыр. Науқанға Қонаевтағы 12,12А,12В, Арна шағын аудандарының халқы белсенді қатысып, көшелерді қоқыстан тазартты.

Солардың қатарында 6 жасар балақай Нұрәли Сұңқарұлы да болды. Тырмамен қураған шөпті тазалаған бала жұртты сүйсінтті. Айтуынша, ол сенбілікке достарымен бірге келген.

Журналистің не істеп жүрсің деген сұрағына балақай «қоқыс жинап жүрмін» — деп жауап беріп, тазалыққа келгенін түсіндірді.

Жалпы бүгінгі акцияға 200 адам қатысып, 70 қап қоқыс шығарды. Аталған науқан 5 аптаға жалғаспақ.