⛅
-20°C
Қонаев
Жексенбі, Қаңтар 18, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Алматы облысында «TENGRI ULTRA» марафоны өтеді

    26.04.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Өңір тынысы, Спорт, Туризм және саяхат
    Алматы облысында «TENGRI ULTRA» марафоны өтеді
    0
    SHARES
    10
    VIEWS

    3-5 мамыр аралығында Алматы облысының аумағында орналасқан Таңбалы тас шатқалында дәстүрлі «TENGRI ULTRA» марафоны ұйымдастырылады. Ұлы дала марафоны деген атпен танымал болған шараға қатысушылардың саны биыл айтарлықтай артқан. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы облысының туризм басқармасының басшысы Қуанышбек Мирамбекұлы мен «Экстремалды Атлетика» ҚБ басқарушы директоры Вадим Винокуров айтты.
    Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның басты мақсаты – бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау. Одан бөлек, ішкі және сыртқы туризмді дамыту.
    Іле жағалауындағы үш күндік ашық аспан астындағы фестивальге шамамен 3 мыңнан астам атлет қатысады деп жоспарлануда, ал бүгінге дейін қатысуға 1500 атлет өтініш білдірген. Олар 1, 3, 7, 25, 50 және 100 шақырымдық қашықтыққа жүгірумен қатар, скандинавиялық жүріс және веложарыс пен каникросс бойынша да сайысқа түседі.
    «Аталмыш фестиваль биыл 10-мәрте дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Бұл – біз үшін мерейтой. Жыл сайын біздің фестиваль ерекшеленіп, азаматтардың қызығушылығы артып келеді», – деді Вадим Винокуров.
    Оның айтуынша, базалық лагерь Таңбалы-Тас жартасты шатқалында орналасқан. Спорт сүйер қауым марафонға қатыса отырып, көркем табиғатқа тамсана алады.
    «Марафон еліміздің спорт тарихында ерекше орны бар шара. Халықаралық дәрежедегі сертификаты бар осы жоба көркі көз тартатын, келбеті келісті өңірімізде 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы 10 жыл көлемінде марафонға кемінде 50 елдің мыңнан астам адам қатысты. Бұл ішкі туризм дамуына үлкен септігін тигізеді»,-деді Қуанышбек Мирамбекұлы.

    Жарысқа тіркелу 26 сәуір күні, сағат 12:00-ге дейін немесе қатысушылар санының шегіне жеткенге дейін ашық. Шара бойынша толықтай ақпартты athletex.kz сайтынан оқуға болады.

    Ұсынымдар

    Мемлекеттік тіл

    Мемлекеттік қызметке үміткерлерден қазақ тілін білу талап етілуі мүмкін

    3 years ago
    Мәулен Әшімбаев ықпалды Парламент туралы: Қазақстанға жаңа билік архитектурасы не үшін керек

    Мәулен Әшімбаев ықпалды Парламент туралы: Қазақстанға жаңа билік архитектурасы не үшін керек

    3 days ago
    Жыл мұғалімі атанды

    Жыл мұғалімі атанды

    1 year ago
    КАЗАХСТАН УСКОРЯЕТ ЭКОНОМИЧЕСКИЙ РОСТ: АНАЛИЗИРУЕМ ПОКАЗАТЕЛИ С НАЧАЛА ГОДА

    КАЗАХСТАН УСКОРЯЕТ ЭКОНОМИЧЕСКИЙ РОСТ: АНАЛИЗИРУЕМ ПОКАЗАТЕЛИ С НАЧАЛА ГОДА

    8 months ago
    Коммуналдық сектор жаңғырады

    Коммуналдық сектор жаңғырады

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>