-13 °c
Qonaev
Saturday, May 10, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Облыс әскерилері су басқан өңірден оралды

    30.04.2024
    in Барлық жаңалықтар, Қорғаныс, Өңір тынысы, Партия, Төтенше жағдай
    Облыс әскерилері су басқан өңірден оралды
    0
    SHARES
    18
    VIEWS

    Аманаттықтар су тасқынына қарсы іс-шараға қатысқан әскери қызметшілерге алғыс айтты, деп хабарлайды облыстық AMANAT партиясының баспасөз қызметі.

    Қонаев гарнизонының 58012 әскери бөлімінің жауынгерлері бір ай бойы күн-түн демей су басқан елдімекендерден тұрғындарды эвакуациялап, бөгеттер мен жағалауларды нығайтты. Тасқынмен күреске жеке құрамның 12 адамы жұмылдырылды.

    Мәселен, Ақмола облысы Жақсы ауданында сарбаздар Есіл өзенінен техникаларды паромдар арқылы бір беттен екінші бетке көшірген.

    Облыстық «AMANAT» партиясы төрағасының орынбасары Аслан Кубентаев әскерилерге ризашылығын білдіріп, өлшеусіз еңбектері үшін Алғыс хатпен марапаттады.

    «Әскери қызметшілердің су басқан елді мекендердегі табанды еңбегін ерлік деуге болады. Елдімекендерді тәулік бойы бақылап, эвакуациялық жұмыстарға, гуманитарлық көмекті жеткізуге қатысып, арнайы техникалармен үлкен көмек көрсете отырып, Біздің күшіміз бірлікте екенін тағы да дәлелдедіңіздер. Сіздерге су басқан аймақтың жұрты және «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы атынан алғыс айтамын. Өздеріңізге және туыстарыңызға денсаулық пен қуаныш, амандық пен бақыт тілей отырып, әскери борыштарыңызды адал атқаруларыңызға тілектеспін!», – деді Аслан Кубентаев.

    Айта кету керек, қазіргі уақытта әскери бөлімнің қызметкерлері Ақтөбе облысына қарасты Ойыл ауданындағы 2 мыңнан аса тұрғынды эвакуациялап үлгерді. Қайықпен 500-ден астам түрлі техниканы және 120 тонна гуманитарлық көмекті көшірді.

    Ал Солтүстік Қазақстан облысына жөнелген сарбаздар паромдар арқылы Петропавл тұрғындарына таза ауызсу жеткізіп беріп жатыр. Сондай-ақ паром арқылы Прибрежный ауылында электр жарығын қайта қалпына келтіруде.

    Ұсынымдар

    Ішкі туризм иірімдері

    2 years ago
    Электрлі көліктерді жеңілдетілген тәртіппен қалай әкелуге болады?

    Электрлі көліктерді жеңілдетілген тәртіппен қалай әкелуге болады?

    2 years ago
    Президент «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестиваліне барды

    Президент «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестиваліне барды

    3 months ago
    ЖАСТАРҒА ЖАҢА ЖОЛ

    ЖАСТАРҒА ЖАҢА ЖОЛ

    2 weeks ago
    Алматы облысында жазғы лагерьлерге талап күшейтілді

    Алматы облысында жазғы лагерьлерге талап күшейтілді

    4 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.