Елімізде «Өнегелі ұрпақ» акциясы жалғасуда. Бүгін 1 мамыр – Бірлік күніне орай және аталған науқан аясында Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов жалғызбасты ана Валентина Марущенконың үйіне барып қайтты.
Валентина әженің жасы 90-да. Осыдан бірнеше жыл бұрын жары қайтыс болған. Қонаев қаласына 1974 жылы көшіп келген. Күйеуі Қапшағай СЭС-та энергетик болса, өзі инженер-құрылысшы болып қызмет атқарған. Ал ҰОС кезінде тыл еңбеккері болған. Әженің жалғыз ұлы бөлек тұрады. Валентина әжей осы жерден көшкісі келмейтінін, әлеуметтік қызметкерлер үнемі көмектесіп жүретінін айтады.
Шаһар басшысы Валентина Марущенкоға гүл сыйлап, азық-түлік себетін табыстады. Әжемен бірге аулаға ағаш екті. Жас еріктілер де тыс қалмай, үйдің ауласын қоқыстан тазартып, шөбін жұлып, тазалық жасады. Әже халін сұрауға келгендерге ақ батасын берді.