Ежелден-ақ дана халқымыз «Отан – отбасынан басталады» деп, отбасы құндылығына ерекше назар аударған. Мемлекеттің мықты болып қалыптасуы үшін әрбір шаңырақтың ынтымағы жоғары болуы керек. Үлкенге ізет көрсету, кішіге құрмет қылу – қазақы тәрбиенің алтын діңгегі. Ықылым заманнан қазақ ұғымында отбасының орны ерекше. Отбасының қамқоршысы мен тіреуі – ер азаматы, шаңырағының шырайын келтіріп, ырысын еселеп, ынтымағын қамтамасыз ететін – адал жары, сол шаңырақты береке мен мерекеге толтыратын бақыты – балалары. Бұл ретте Райымбек ауданы, Текес ауылының өнегелі отбасы иелері, ерлі-зайыпты Ардақ Нүсіпжанұлы мен Тамарахан Тәкенқызын үлгі ете аламыз.
Дәрігерлер әулетінен шыққан Ардақ – өте білікті фармацевт маман. Ұл-қыздарына үлгілі әке. «Ерін сыйлаған есікте қалмайды» дегендей, жанындағы жарын құрметтеп, балаларына да әкесін бағалауды үйретіп, шаңырағының шырайын келтіріп отырған Тамарахан – өнегелі ана. Ол Республикалық медициналық университетін фармацевт мамандығы бойынша тәмамдап, 1984-1998 жылдары Райымбек ауданы Шалкөде ауылындағы дәріханада жұмыс атқарды. 1999-2021 жылдары халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етті. Кейінірек қала маңындағы Теректі, Іргелі, Көксай ауылдары мен «Алтын орда» базарының маңынан дәріхана ашып, өз кәсібін дөңгелетті.
Жарасымды жанұяда асықтай бір ұл, қызғалдақтай төрт қыз тәрбиеленді. Бес бала тәрбиелеп, өсірген ана зейнеткерлікке де ерте шықты. Бүгінгі таңда үш қызын құтты орнына қондырып, немерелерінің сүйікті ата-апасы болып отыр.
Ата-ананың ақылымен қыздары да фрамацевт мамандығын таңдады. Тұңғышы Жұлдыз С. Асфендияров атындағы медициналық университетінің фармацевт факультетін бітірген, қазіргі уақытта кәсіпкер. Жолдасы Нұржан облыстық әкімшілік полициясында еңбек етеді, майор. Екінші қызы Жанар – экономист-бухгалтер, жолдасы Аслан – жүргізуші.Үшінші қызы Ақмарал да фармацевт, жолдасы Алмат екеуі үлгілі отбасы. Төртінші қызы Айгерім де әке жолын жалғастыруда. Фармацевт мамандығын бітіріп, сарапшы болып жұмыс істейді. Кенже ұлы Арсен – Экономика және құрылыс колледжінің студенті. Осы тұрғыда шаңырақ иесі Ардақ пен отанасы Тамарахан:
– Ең алдымен баланың болашағы жарқын, келешегі кемел болсын деген мақсатта ұл-қыздарымызды ата-дәстүр салтымен, рухы асқақ азамат, ибалы да инбатты қыз етіп тәрбиелеуге тырысамыз. Елімізде жанұяға маңызды орын берілген, өйткені адамзат пен мәдени құндылықтардың бұлжымас ұясы отбасы болып табылады. Отан – ортақ үйіміз. Ортақ үйіміздің шаңырағын шайқалтпай, уығын тіктеп, керегесін кеңейтіп, береке-бірлігін келтіріп ұстау – ортақ міндетіміз. Отбасымызда ұл-қыздарымыз ержетіп, қалаған мамандықтары бойынша білім алды. Аллаға шүкір, немерелеріміз мәнерлеп оқудан барлық іс-шарадан қалыс қалмай, биіктерден көрініп, бізді қуантып келеді. Зере деген немерем күйші, домбыраға қатысады. Көптеген конкурстардың жүлдегері, – деді ағынан жарыла. Қойнауы өнер мен жырға толы қасиетті Райымбек ауданы Текес ауылында 102 жастағы ауылдың Құрметті азаматы Ардақтың әкесі Нүсіпжан қария мен анасы Ажарқан анамыздың да бала тәрбиесіне қосқан үлесі зор.
«Жігітке жеті өнер де аз демекші», – әдебиет пен математикаға қызығушылығы өте зор болған. Бірақ әкенің қалауымен фармацевт саласын таңдап, әке арманын асқақтатқан. Әкесі Нүсіпжан да әдебиетке жақын адам, талай ақындардың өлеңдерін әлі күнге дейін жасы 100-ден асса да жатқа айтады. Немерелері де қазірдің өзінде Мұқағалидың біраз өлеңдерін жатқа біледі. Қолдары сәл босаса, отбасымен Мұқағали өлеңдерін жарыса айтып кетеді. Ардақ Нүсіпжанұлы мамандығы фармацевт болғанымен, қазақ әдебиетіне деген жанашырлығы бір төбе. Жыл сайын Мұқағали мүшәйрасын ұйымдастырып, балаларды әдебиетке баулып қана қоймай, оларға демеушілік жасап, жеңімпаз оқушыларға бір жылдық шәкіртақы төлеп отырады. Бүгінде «Ауылым – алтын бесігім» демекші, ауыл жастарының спорт мәселесін де қолға алып, спортқа жанашыр 38 азаматтан құралған қор ашып, «Текес спорты» қорына төрағалық жасап, жұмысын жүгізіп отыр. Халқына адал қызмет етіп, ұрпаққа үлгі боларлық азаматтарымыз көп болсын. Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағының кепілі. Әр бала атаның қанымен, ананың сүтімен келетін туа бітті қасиеттер сияқты ұлттық рухани құндылықтарды да ең алдымен отбасында ата-ананың тәрбиесімен бойына сіңіретіні анық. Біз де бүгінде «отбасы» деген бақыттың ұясын жылылыққа толтырып, түтінін түзу ұшырып, киелі шаңыраққа ие болып отырған асыл жандарға қажымас қайрат, ұзақ ғұмыр тілейміз. Шаңырақтан шаттық пен қуаныш шуағы үзілмесін, балалар бақытына бөлене беріңіздер дейміз.
Орта бойлы, ер мінезді, сөзі мен ісі нық азамат, дәрігерлер әулетінен шыққан отбасы иесі Ардақ – өте білікті фармацевт маманы бола жүріп, ұл-қыздарына үлгі бола білді. «Ерін сыйлаған есікте қалмайды» дегендей, жанындағы жарын құрметтеп, балаларына да әкесін бағалауды үйретіп, шаңырағының шырайын келтіріп отырған мейірімді жан. Тамарахан РМУ-дың фармацевт факультетін тәмамдап, 1984-1998 жылдары Райымбек ауданы Шалкөде ауылында дәріхана меңгерушісі Ардақ Нүсіпжанұлымен 62-ші дәріханада фасовщица болып жұмыс атқарды. 1999-2021 жылдары халықты осылайша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етті. Кейінірек қала маңындағы Теректі, Іргелі, Көксай ауылдары мен Алтын орда базарының маңынан дәріхана ашып, өз кәсібін жалғастырды. Бес бала тәрбиелеп, өсірген ана 2016 жылы бала санымен зейнеткерлікке шықты. Жарасымды жанұяда бір ұл, қызғалдақтай төрт қыз тәрбиелеп өсірді. Бүгінгі таңда үш қызын құтты орнына қондырып, немерелерінің сүйікті ата-апасы болып отыр. Оларды әкенің ақылымен, ананың ақ сүті ақ жолдан адастырмады. Тұңғышы Жұлдыз С.Асфендияров атындағы медициналық университетінің фармацевт факультетін бітірген қазіргі уақытта кәсіпкер. Жолдасы Нұржан Алматы облысы әкімшілік полициясының басшысы майор, бес бала тәрбиелеп отыр. Екінші қызы Жанар экономист-бухгалтер, жолдасы Аслан жүргізуші, өнерлі бес қыз өсіріп отыр. Үшінші қызы Ақмарал – фармацевт, жолдасы Алмат екеуі екі қыз, екі ұл тәрбиелеп отырған, үлгілі отбасының бірі. Төртінші қызы Айгерім әке жолын жалғастыруда, фармацевт мамандығын бітіріп, аналитик болып жұмыс істейді. Бесінші кенже ұл, мұрагер – Арсен Экономика және құрылыс колледжінің студенті. Осы тұрғыда шаңырақ иесі Ардақ пен отанасы Тамарахан:
– Ең алдымен баланың болашағы жарқын, келешегі кемел болсын деген мақсатта ұл-қыздарымызды ата-дәстүр салтымен, рухы асқақ азамат, ибалы да инбатты қыз етіп тәрбиелеуге тырысамыз. Елімізде жанұяға маңызды орын берілген, өйткені адамзат пен мәдени құндылықтардың бұлжымас ұясы отбасы болып табылады. Отан – ортақ үйіміз. Ортақ үйіміздің шаңырағын шайқалтпай, уығын тіктеп, керегесін кеңейтіп, береке-бірлігін келтіріп ұстау – ортақ міндетіміз. Отбасымызда ұл-қыздарымыз ержетіп, қалаған мамандықтары бойынша білім алды. Аллаға шүкір, немерелеріміз мәнерлеп оқудан барлық іс-шаралардан қалыс қалмай, биіктерден көрініп, бізді қуантып келеді. Зере деген немерем күйші, домбыраға қатысады. Көп теген конкурстардың жүлдегері, – деді ағынан жарыла. Қойнауы өнер мен жырға толы қасиетті Райымбек ауданы Текес ауылында 102 жастағы ауылдың Құрметті азаматы Ардақтың әкесі Нүсіпжан қария мен анасы Ажарқан анамыздың да бала тәрбиесіне қосқан үлесі зор.
«Жігітке жеті өнер де аз демекші»,– әдебиет пен математикаға қызығушылығы өте зор болған. Бірақ әкенің қалауымен фармацевт саласын таңдап, әке арманын асқақтатқан. Әкесі Нүсіпжанда әдебиетке жақын адам, талай ақындардың өлеңдерін әлі күнге дейін жасы 100-ден асса да жатқа айтады. Немерелеріде қазірдің өзінде Мұқағалидың біраз өлеңдерін жатқа біледі. Қолдары сәл босаса, отбасымен Мұқағали өлеңдерін жарыса айтып кетеді. Ардақ Нүсіпжанұлы мамандығы фармацевт болғанымен, қазақ әдебиетіне деген жанашырлығы бір төбе. Жыл сайын Мұқағали мүшәйрасын ұйымдастырып, балаларды әдебиетке баулып қана қоймай, оларға демеушілік жасап, жеңімпаз оқушыларға бір жылдық шәкіртақы төлеп отырады. Бүгінде «Ауылым – алтын бесігім» демекші, ауыл жастарының спорт мәселесін де қолға алып, спортқа жанашыр 38 азаматтан құралған қор ашып, «Текес спорты» қорына төрағалық жасап, жұмысын жүгізіп отыр. Халқына адал қызмет етіп, ұрпаққа үлгі боларлық азаматтарымыз көп болсын. Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағының кепілі. Әр бала атаның қанымен, ананың сүтімен келетін туа бітті қасиеттер сияқты ұлттық рухани құндылықтарды да ең алдымен отбасында ата-ананың тәрбиесімен бойына сіңіретіні анық. Біз де бүгінде «отбасы» деген бақыттың ұясын жылылыққа толтырып, түтінін түзу ұшырып, киелі шаңыраққа ие болып отырған асыл жандарға қажымас қайрат, ұзақ ғұмыр тілейміз. Шаңырақтан шаттық пен қуаныш шуағы үзілмесін, балалар бақытына бөлене беріңіздер дейміз.
Айнұр Нұржақып