-13 °c
Qonaev
Thursday, August 21, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    «Алтын Ордадан» аттанды

    03.05.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Төтенше жағдай
    «Алтын Ордадан» аттанды
    0
    SHARES
    10
    VIEWS

    Қарасай ауданына қарасты Іргелі ауылдық округі аумағында орналасқан «Алтын Орда» әмбебап базарының кәсіпкерлері су басқан аймақтарға қол ұшын созды. Олар Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Павлодар қаласына гуманитарлық көмек жинап, аттандырды.

    Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз бойынша жүзеге асырылып жатқан «Жүректен – жүрекке!» қайырымдылық шарасында қарғын су басқан аймақтарға көмек ретінде жалпы құны 770 млн теңге болатын 1500 тонна азық-түлік пен басқа да қажетті заттар жөнелтілгенін атап айтқан еді. Осындай игі шаралардан «Алтын Орда» әмбебап базарының кәсіпкерлері де шет қалған емес.

    Олар жинаған гуманитарлық көмек қорының ішінде түрлі азық-түлік тағамдары, киім-кешек, төсекжай бұйымдары мен жеке гигиеналық, тұрмыстық заттар молынан қамтылған. Нәтижесінде 20 тоннадан асатын гуманитарлық жүк тиелген көлік зардап шеккен ағайындарға жол тартты. Мұның сыртында базар қызметкерлері бір күндік жалақы мөлшерінде қаржылай көмек көрсеткенін де айта кету керек.
    – Біз осы қайырымдылық шарасына үлес қосқан барша жұртшылыққа, соның ішінде «Алтын Орда» базарының жетекшілеріне алғыс білдіреміз, – дейді Іргелі ауылдық округі әкімінің орынбасары Ескендір Егеубек. «Күшіміз – бірлікте!» акциясын қолдағандар халқымыздың осы даналық сөзінің дұрыстығын тағы бір дәлелдеп берді.

    Бұған дейін «Алтын Орда» базарының кәсіпкерлері мен басшылары Қостанай облысына қарасты Жангелді ауданына, Атырау облысындағы Құлсары қаласына осындай гуманитарлық көмек жөнелткен болатын. Бұл жолғы жүктер алыстағы Петропавл қаласы тұрғындарының игілігіне жаратылатын болады.

    Қуат Қайранбаев,
    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Өнегелі отбасы өз таңдауын жасады

    Өнегелі отбасы өз таңдауын жасады

    11 months ago
    Райымбек ауданында әкім сайлауы басталды

    Райымбек ауданында әкім сайлауы басталды

    3 weeks ago
    Metito компаниясы Алматы облысында су тазарту және кәріз жүйесін жүргізуге мүдделі

    Халық сенімі бәрінен қымбат

    2 years ago
    Абыройлы қызмет

    Абыройлы қызмет

    9 months ago
    Д.Қонаевтың туған күнінде 80 отбасы баспаналы болды

    Д.Қонаевтың туған күнінде 80 отбасы баспаналы болды

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>