-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Су тасқынына қарсы күрескен әскерилер марапатталды

    07.05.2024
    in Барлық жаңалықтар
    Су тасқынына қарсы күрескен әскерилер марапатталды
    0
    SHARES
    9
    VIEWS

    Алматы облысында 7 мамыр – Отан қорғаушы күні қарсаңында өткен салтанатты жиында су тасқыны кезінде көрсеткен ерліктері үшін бірқатар әскери қызметшілер марапатталды. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев оларға алғыс айтып, «Алғыс хаттарды» табыстады.
    Марапатталушылардың қатарында №32363 әскери бөлім подполковнигі Ғани Аязбеков, старшина Бауыржан Бедеров, аға сержант Ербол Сарсек болды. Сонымен қатар, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарында 58012 әскери бөлімінің әскери қызметшілері подполковник Төлеген Назаров, майор Айдос Бақытбеков, Аға лейтенант Дінислам Қалибеков, 2-ші сыныпты сержант Саят Ақан, 3-сыныпты сержант Айбек Сәрсенов бар.
    «Алматы облысының әкімдігі өз тарапынан аумақтық қорғаныс жүйесін дамыту бойынша шаралар қабылдауда. Биыл дербес облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы құрылды. Бұл қадам әскери міндетті азаматтардың дайындықтарын және жастарды әскери қызметке шақыру жұмысын күшейтуге бағытталған. Мұның оң нәтижесі ретінде биыл көктемдік әскери қызметке жасақтау жоспарының артығымен орындалуда екенін атауға болады. Сонымен қатар, жылда Қорғаныс министрлігімен бірге өткізілетін әскери жиындардың сапасы артуда. Мұндай шараның бірі өткен аптада Талғар ауданында ұйымдастырылды. Осындай жұмыстар арқылы жергілікті атқару органдары Отанымыздың қорғаныс жүйесін дамытуға өз үлестерін қосуда. Қарулы күштердің әлеуетін арттыру – баршамыздың басты міндетіміз бола бермек!», – деді облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.
    Жиын соңында №32363 әскери бөлімінің командирі, гвардия полковнигі Б. Аманкалиев көрсетілген құрметке алғысын жеткізіп, мерекемен құттықтады.

    Ұсынымдар

    Аударыспақтан IV Азия чемпионаты аяқталды

    Аударыспақтан IV Азия чемпионаты аяқталды

    2 months ago
    Ақтаңдақ жылдар ақиқаты

    Ақтаңдақ жылдар ақиқаты

    2 years ago
    Ермахан Ыбрайымов: «Мен АЭС-ті қолдаймын!»

    Ермахан Ыбрайымов: «Мен АЭС-ті қолдаймын!»

    8 months ago
    Еңбегі ел есінде

    Еңбегі ел есінде

    2 months ago
    Тамақ таситын курьерлерге қойылатын талап күшейді

    Тамақ таситын курьерлерге қойылатын талап күшейді

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>