-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Отан қорғаушылар күніне орай салтанатты шара өтті

    07.05.2024
    in Барлық жаңалықтар, Қорғаныс, Құқық-заң
    Отан қорғаушылар күніне орай салтанатты шара өтті
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

    Отан қорғаушылар күніне орай Қонаев қаласындағы №32362 әскери бөлімінде салтанатты шара өтті. Ең алдымен соғыста қаза тапқан майдангерлердің рухына арнап ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Шараға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, жылы лебізін білдірді.

    – Егеменді елімізде негізі қаланған алғашқы мемлекеттік құрылымдардың бірі болған Қорғаныс министрлігі және оған бағынышты мекемелер өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен атқаруда. Осы жылдар ішінде әскеріміздің қуаты арта түсті. Қазіргі уақытта біздің Қарулы күштеріміз заманауи қару-жарақпен және құрал-жабдықтармен қамтылған. Әскери қызметкерлерді әлеуметтік қолдау жыл сайын жетіліп, жақсарып келеді.
    Осы ретте Алматы облысының әкімдігі өз тарапынан аумақтық қорғаныс жүйесін дамыту бойынша шаралар қабылдауда. Биыл дербес облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы құрылды. Бұл қадам азаматтарды әскери міндетке дайындау және жастарды әскери қызметке шақыру жұмысын күшейтуге бағытталған. Мұның оң нәтижесі ретінде биыл көктемдік әскери қызметке жасақтау жоспарының артығымен орындалуын атауға болады. Сонымен қатар жылда Қорғаныс министрлігімен бірге өткізілетін әскери жиындардың сапасы артуда. Мұндай шараның бірі өткен аптада Талғар ауданында ұйымдастырылды. Осындай жұмыстар арқылы жергілікті атқару органдары Отанымыздың қорғаныс жүйесін дамытуға өз үлестерін қосуда. Қарулы күштердің әлеуетін арттыру – баршамыздың басты міндетіміз бола бермек! – деді Марат Елеусізұлы.

    Келесі кезекте №32363 бөлімінің командирі гвардия полковнигі Бейбіт Аманқалиев пен Тәжік-ауған соғысы ардагерлерінің қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Сарсенбаев бар өмірін әскери іске арнап, елін, жерін қорғап, өз қызметін мінсіз атқарып келе жатқан Қарулы Күштерге алғысын білдіріп, мерекемен құттықтады.

    Бұдан әрі облыс әкім Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы су тасқыны табиғи апаты кезінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып, құтқару жұмыстарын жүргізуде аянбай еңбек еткен №58012 және №32363 әскери бөлімінің қызметкерлерін Алғыс хатпен марапаттады.
    Облыс әкімінің марапатын алған №58012 әскери бөлімінің майоры Айдос Бақытбекұлы еңбегінің еленіп жатқанына қуанышты екенін айтып, ризашылығын білдірді.

    – 3 cәуір күні №58012 әскери бөлімінің жеке құрамын және арнайы техникаларды Ақтөбе облысы Ойыл ауылы, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы және Ақмола облысы Қима ауылдарына төтенше жағдайға байланысты көмек көрсетуге жіберу туралы бұйрық берілді. 6 cәуір күні белгіленген өңірлерге жетіп, халыққа көмек көрсете бастадық. Халықты су тұзағынан құтқару үшін 40 тонналық понтон өткелін жасап, Қазақстанның түкпін-түкпірінен келген гуманитарлық көмекті, техникаларды халыққа жеткіздік. Осы уақытқа дейін Ойыл ауылында 2000-нан астам көлік, бір жарым тоннандан астам гуманитарлық көмек көрсетілді және 3000-нан астам адам су апатынан құтқарылды.

    ҚР-ның Қаулы Күштерінде 2007 жылдан бері қызмет атқарып келемін. Облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталғаныма өте қуаныштымын. Қандай жағдай болмасын әрқашан көмек көрсетуге дайынбыз, – деді Айдос Бақытбекұлы.

    Шара әскери шерумен жалғасып, одан әрі Д-30, ЗУ-23-2 зеңбіректерінен норматив орындау және қоян-қолтық ұрыстың элементтері бар әскери қызметшілердің демонстрациялық қойылымдары көрсетілді. Іс-шара әскери қызметшінің техникасы, қару жарағы, киім үлгілері мен жабдықтарының көрмесін тамашалаумен аяқталды.

    Ұсынымдар

    Алматы облысында алғаш рет «Денсаулық бұрышы» акциясы өтті

    8 months ago
    Анафилактикалық шок

    Анафилактикалық шок

    2 weeks ago
    AMANAT: Петроглифтер жойылып кетудің аз-ақ алдында тұр

    AMANAT: Петроглифтер жойылып кетудің аз-ақ алдында тұр

    2 years ago
    Мемлекет  адал кәсіпкерлерді қолдайды

    Мемлекет адал кәсіпкерлерді қолдайды

    3 months ago
    Сан әдісті қолданды

    Сан әдісті қолданды

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>