-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Мереке

    Қонаевта Балаларды қорғау күні атап өтілді

    01.06.2024
    in Мереке
    Қонаевта Балаларды қорғау күні атап өтілді
    0
    SHARES
    20
    VIEWS

    Бүгін Балаларды қорғау күні Қонаевта ерекше, кең ауқымда тойланды. Алдымен қала әкімі Асхат Бердіханов емханада ем қабылдап жатқан балапандарды құттықтап шықты.

    Кейіннен орталық алаңда гала-концерт қойылды. Мерекелік іс-шара балабақша түлектері, бірқатар жетістіктерге жеткен оқушылардан, спортшылардан, «Жас сарбаз», «Жас полицей» сыныптарының оқушыларынан құрылған шерумен ашылды. Одан соң биші балақайлар түрлі ұлт өкілдерінің биін биледі.

    Гүлдей жайқалған бишілерден кейін қала әкімі тұрғындарды мерекемен құттықтады.

    «Бүгінгі күні облыс орталығында 22 мыңнан астам бала бар. Олардың арасындағы өңіріміздің намысын қорғап, үлкен додаларда жерлестерін қуантып, жыл басынан 100-ден аса медальға ие болған жас спортшыларымызды мақтанышпен айта аламыз. Қонаевта жалпы 13 290 оқушымыз білім алса, олардың арасында облыстық, республикалық және халықаралық дәрежелердегі түрлі байқаулар мен ғылыми жобаларда 500-ден астам оқушыларымыз жүлделі орындарға қол жеткізді. Бұл – үлкен жетістік. Баршаңызды мерекемен құттықтаймын!» – деді Асхат Бердіханов.

    Құттықтаудан кейін ол мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдерге құрмет көрсетіп, сый-сияпат табыс етті. Айта кетейік, бүгін шаһар басшысының атынан 600 балаға сыйлық, мектеп оқушыларына 1000 дана балмұздақ таратылды.

    Концерт барысында күй шертіліп, ән айтылды. Суретші, тігінші, қолөнерші балақайлардың шығармашылығынан көрме қойылды. Жас жеткіншектердің танымын кеңейту мақсатында төтеншеліктер арнайы техникадан көрме ұйымдастырды. Өрт сөндіруші мамандығы жайында оқушыларға ақпарат берді.

    Сондай-ақ отбасылық ойындар өткізіліп, балалар алаңда шахмат ойнады, волейбол, баскетбол, бокс секілді спорт түрлерінен қойылым көрсетілді.

    Жалпы мерекелік іс-шара 3 сағатқа жалғасты. Салтанатты кешке 1500-нан астам бала қатысты.

    Alataunews.kz

    Ұсынымдар

    ЖАС ҰРПАҚ  ЖҮРЕГІНЕ ТҰРАҚТАҒАН

    ЖАС ҰРПАҚ ЖҮРЕГІНЕ ТҰРАҚТАҒАН

    3 months ago
    Жылдам хабар алғызған

    Жылдам хабар алғызған

    8 months ago
    Қазақ тарихын білгіңіз келсе

    Қазақ тарихын білгіңіз келсе

    4 months ago
    Референдум – халық пікірімен санасудың биік көрінісі – сарапшы

    Референдум – халық пікірімен санасудың биік көрінісі – сарапшы

    8 months ago
    Алматы облысында ауыл шаруашылығы техникасы паркі 6,5%-ға жаңартылады

    Алматы облысында ауыл шаруашылығы техникасы паркі 6,5%-ға жаңартылады

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>