Алматы облысында жыл басынан бері 477 жәбірлеуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
1700-ден аса құқық бұзушы ескерту алды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, бұл статистика жыл сайын қайталанады.
“Жыл басынан бері 611 отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылық, 545 денсаулыққа қасақана зиян келтіру, 816 ұрып-соғу фактілері тіркелді”, – дейді Алматы облыстық прокуратурасы қылмыстық қудалау басқармасы басшысының орынбасары Бақытбек Батанұлы.
Алматы облысы ПД бастығының орынбасары Елжан Чупековтың сөзінше, жыл сайын 500-ден астам отбасылық-тұрмыстық жанжал тіркеледі. Сол себепті, әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қорғауды күшейтуге, олардың қауіпсіздігін бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті қатаңдатуға, отбасылық-тұрмыстық саладағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған жұмыстар заң аясында жүргізілуде. Осыған орай, осы жылдың 11 сәуірінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі заңға қол қойды. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықты криминализациялау туралы осы Заң жобасы 16 маусымнан бастап күшіне енеді.
Жалпы, заңда 15 заңнамалық актіге, оның ішінде жеті кодекске және сегіз заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді деп қорытындыланды.