Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Парламенті Мәжілісі депутаттарын кезектен тыс сайлаудың алдын ала нәтижесін жариялады.
Комиссияның алдын ала дерегінше, Мәжіліс сайлауына қатысқан партиялар келесідей дауыс жинаған:
1. Amanat партиясы – 53,90 % немесе 3 431 510 дауыс;
2. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 10,90% немесе 693 938 дауыс;
3. Respublica партиясы – 8,59% немесе 547 154 дауыс;
4. Қазақстан халық партиясы – 6,80% немесе 432 920 дауыс;
5. «Байтақ» жасылдар партиясы – 2,30% немесе 146 431 дауыс;
6. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 8,41% немесе 535 139 дауыс;
7.Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 5,20% немесе 331 058 дауыс;
«Бәріне қарсымын» бағаны – 3,90% немесе 248 291 дауыс.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, елімізде өткен сайлауда 6 366 441 адам өз таңдауын жасаған.
Заң бойынша, Парламент Мәжілісіне өту үшін саяси партия сайлауға қатысқан сайлаушылар даусының кем дегенде 5 пайызын жинауы тиіс.