Перейти к содержимому
Главная страница » 5 облыста құрғақшылыққа байланысты ескерту жарияланды

5 облыста құрғақшылыққа байланысты ескерту жарияланды

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Алматы және Ұлытау облыстарында құрғақшылыққа байланысты ескерту жарияланды.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, алдағы 10 күнде бірқатар аймақта атмосфералық құрғақшылық күтіледі.

Олардың тізімі төмендегідей:

Алматы облысында: Балқаш және Жамбыл ауданында;

Жамбыл облысында: Байзақ, Талас, Сарысу, Жуалы, Жамбыл және Рысқұлов аудандарында;

Түркістан облысында: Түркістан, Сайрам, Шардара және Жетісай облыстарында;

Қызылорда облысында: Арал ауданында;

Ұлытау облысында: Ұлытау ауданы.