Перейти к содержимому

Сайланудың жөні бөлек

Биыл Еңбекшіқазақ ауданында бірқатар ауыл әкімдері сайланды. Соның ішінде Масақ ауылдық округін басқарып отырған Руслан Жақабай да бар. Демократиялық үрдіске сай ұйымдасқан жаңашыл шараның әсері мен жауапкершілігі қандай деген сұраққа жауап іздеп, замандасымызды әңгімеге тартқан… 

Талғарда «Жанұя» орталығы көпбалалы аналарды мерекемен құттықтады

Көктемнің шуағымен жеткен әйелдер мерекесіне орай Талғар аудандық «Жанұя» отбасына қолдау көрсету орталығының қызметкерлері ақ дастарқан жайып, көпбалалы аналардың басын қосты. Аудандағы әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың өмір сүру сапасын жақсарту және көпбалалы аналардың қиын жағдайларды… 

Облыстық сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы тағайындалды

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қайыржан Жақсымбетовті Алматы облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы етіп тағайындады. Қайыржан Серікбайұлы 1975 жылы туған, жоғары білімді. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясында «өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс», 2004 жылы… 

Мыңдаған баланың талабын ұштаған өнер мектебі

Балалар шығармашылығын дамытуда «ART SPORT» мемлекеттік бағдарламасының тигізіп отырған пайдасы орасан. Осылай деуімізге Талғар қаласында орналасқан «ART PRODUCTION» атауын еншілеген өнер мектебінің жетістігі дәлел болса керек. Осыдан бес жыл бұрын алақандай ауылда негізі қаланған өнер… 

Қапшағай су қоймасында 12 балықшы құтқарылды

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 5 наурыз күні түстен кейін Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментіне Қапшағай су қоймасының жағалауына жақын маңда мұз опырылып, 12 балықшы қалыңдығы шамамен 15 см мұзбен бірге жағадан алыстап бара жатқаны туралы… 

Ана мен баланы қолдау — әлеуметтік мемлекеттің басты қағидасы

Ана мен баланы қолдау – мемлекеттің басты бағыттарының бірі. Бүгінде мемлекетімізде балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау жүйесі әр түрлі өмірлік жағдайды қарастырады және мемлекеттік бюджеттен төленетін мемлекеттік жәрдемақылар мен төлемдердің 5 түрін қамтиды. Атап айтқанда: –… 

«Сахнаға шақырса, қазір де билеуге бармын»

Қашан көрсеңіз де жүзінен мейірім шуағы төгіліп тұратын бұл кісіні ауданда «Биші апа» атап кеткен. Мейраш апаны көпшілік жақсы таниды. Алайда құжат бойынша есімінің Үмітжан екенін екінің бірі біле бермейді. Бүгінде тоқсанға таяған апамызбен мереке… 

Абылай ханды алғаш бейнелеген

Қазақ тарихында Абылай ханның алатын орны ерекше. Ол – бүкіл Алаш баласын ақ тудың астына біріктіріп, Ұлы даламызды жоңғар шапқыншылығынан азат еткен мемлекет қайраткері. Білім мен парасат, күш-қайрат, көрегенділік пен тектілікті бойына дарытқан заңғар тұлғаның… 

Күй — құдірет

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінде А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші-домбырашы Шәміл Әбілтаймен «Күй – құдірет» атты кездесу кеші өтті. Шәміл Әбілтайдың 75 жылдық мерейтойына арналған іс-шараны… 

Әкім: Жерді пайдалануда салық салудың жаңа режимін енгізу қажет

Қонаев қаласында бүгін облыстық мемлекеттік кірістер департаментінде салық төлеушілер қауымдастығының конференциясы өтті. Шарада салық тақырыбы тереңнен талқыланып, заң аясындағы өзгерістер жайы тарқатылды. Конференцияға қаржы вице-министрі Ержан Біржанов, облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев, Жоғарғы соттың мүшелері, мемлекеттік…