Қолөнер шеберлері құрақ көрпеден әлемдік рекорд орнатты
Өскемен қаласында Қазақстанның 17 облысынан жиналған 789 құрақшы шебердің басын қосқан республикалық «Аламан құрақ» байқауы өтті. Ұлттық өнерді ұлықтаған ауқымды шарада ұзындығы 2 шақырым аумаққа 789 құрақ көрпе төселіп, нәтижесінде «Record of West» рекорды жаңартылды.…











