-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Бағаның бағамы – базарда…

    Апта басында Сауда және интеграция вице-министрі Арман Шаққалиев Алматы өңіріне арнайы келіп, мұндағы базарларды модернизациялау және бағаны тұрақтандыру мәселелері бойынша бірқатар кездесулер өткізді.

    27.02.2023
    in Ауыл шаруашылығы, Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Саясат, Экономика
    Бағаның бағамы – базарда…

    Асылан Қажеке

    0
    SHARES
    17
    VIEWS

    Алдымен еліміздегі көкөніс пен азық-түлік тауарларын сатумен айналысатын ең ірі сауда орталығы – «Алтын Орда» базарына келген Арман Абайұлы сауда кешенінің директоры Данияр Әлпиевтің кеңсесінде осы салаға жауапты қызмет өкілдерімен еркін жағдайда сұхбаттасты.

    – Өздеріңізге белгілі, соңғы уақытта азық-түлік тауарларының бағасы шамадан тыс қымбаттап отыр, – деді ол сөзінің басында. – Бұл жерде мемлекет басшысы делдалдықпен пайда тауып жүрген құрылымдарға тосқауыл қойып, бағаны тұрақтандыруды арнайы тапсырған еді. Осы орайда өздеріңізбен ақылдасып, алдағы уақытта атқарар шараларды айқындап алу қажеттігі туындауда. Бұл жерде еліміздегі көкөніс пен жеміс-жидек саудасының 50-60 пайызы атқарылатын «Алтын Орда» кешенінің жұмысын жолға қоюдың маңызы зор екені түсінікті.

    Осыдан кейін вице-министр соңғы уақыттары «Алтын Орда» кешенінде өткізілген прокурорлық тексерулер мен онда көрсетілген кемшіліктерді тілге тиек ете отырып, ең алдымен бүкіл елдегі бағаның қалыптасуына ықпал ететін сауда кешенінде осы бағытта жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды. Тауар құнының артуы елдегі инфляцияның өсуіне, түптеп келгенде халықтың тұрмыс жағдайының нашарлап, әлеуметтік толқулардың туындауына әсер етеді. Бүгінде елдегі азық-түлік инфляциясы 27-28 пайызға жетіп отыр. Осыған байланысты мемлекет пен жеке кәсіпкерлік арасында байланыс орнатып, жағдайды тұрақтандыру – өзекті мәселелердің бірі. Сонымен бірге елдегі барлық базарларды модернизациялау, қызмет көрсету сапасын жақсарту бағытында нақты шаралар белгіленген. Осыған байланысты 2025 жылға дейін ел көлемінде жабайы сауда жасайтын, оған контейнерлерді пайдаланатын базарлардың барлығын жабу жоспарланып отыр. «Алтын Орда» сауда кешенінде осы бағытта атқарылатын жұмыс жетерлік. Демек, бұл бағытта да бірлесе атқаратын шаруа қыруар.

    Осыдан кейін Арман Абайұлы «Алтын Орда» кешеніне әкелінетін көкөністер бағасының қалыптасу тәртібіне көңіл аударды.Атап айтқанда, бүгінде күрделі мәселенің біріне айналған пияз бағасы туралы сөз болды. Елімізде бұл тауарды өндірумен айналысатын шаруа қожалықтары жетерлік. Алайда, сақтау қоймаларының аздығынан диқандар өз өнімдерін күзде арзан бағаға Ресей мен Өзбекстанға сатып жіберуді әдетке айналдырған. Оған өзіміздің алып-сатарлар мен баға бойынша келісім жасайтындар жоқ жерден үлкен мәселе туындатып отыр. Шекара бекеттерінде де қолдан жасалатын тосқауылдардың бар екенін ешкім жоққа шығармайды. Бұл жағдай картоп пен сәбізге, қырыққабатқа да қатысты.

    Өз кезегінде Данияр Алтынбекұлы бағаның шарықтап кетпеуіне қолдан келгенше көмек көрсетіліп жатқанын айтты. Осылайша, жергілікті өндірушіларге кешеннен 100 орынды тегін пайдалануға берген. Яғни, шаруа қожалықтары өз өнімдерін осында әкеліп, тұтынушыларға ешқандай кедергісіз, делдалсыз ұсына алады. Бұл жерде отандық өндірушілерге қолдау көрсету басты мәселенің бірі болып қала бермек.

    Осы және басқа да өзекті мәселелерді талқыға салған тараптар алдағы уақытта нарықтық қатынастарға қайшы келмейтін екіжақты келісім жөніндегі құжаттарға қол қойып, сол бойынша жұмыс жасауға уағдаласты.

    Осыдан кейін жиынға қатысқан жұртшылық «Алтын Орда» сауда кешенін аралап, нақты жағдайды көрді. Вице-министр Арман Шақалиев сатушылармен, тұтынушылармен сұхбаттасып, бағаны өсіруге себепкер болып жүрген делдалдар жайлы, тауарлардың сапасы жөнінде пікірлерін білді. Көкөніс сақталатын қоймалар мен жаңадан салына бастаған павильондар жұмысымен танысты.

    Алматы қаласы
    Қуат Қайранбаев

    Tags: азық-түлікАлтын Ордабазаркөкөніспияз

    Ұсынымдар

    Үкіметтік емес ұйымдардың назарына!

    Үкіметтік емес ұйымдардың назарына!

    1 year ago
    Қарияларға құрмет көрсетті

    Қарияларға құрмет көрсетті

    8 months ago
    Шеризат Болаттың өліміне қатысты сот үкімі оқылды

    Шеризат Болаттың өліміне қатысты сот үкімі оқылды

    1 day ago
    Алматы облысының сауда нысандары тексерілді

    Алматы облысының сауда нысандары тексерілді

    1 year ago
    Қапшағайда 8 адам мінген қайық суға батып кете жаздады

    Қапшағайда 8 адам мінген қайық суға батып кете жаздады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.