⛅
3°C
Қонаев
Сенбі, Қараша 22, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл тынысы

    Бүгін береке-бірлік пен ырыс-ынтымақтың мерекесі – Көрісу күні

    14.03.2023
    in Ауыл тынысы, Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Өңір тынысы, Руханият
    Бүгін береке-бірлік пен ырыс-ынтымақтың мерекесі – Көрісу күні
    0
    SHARES
    21
    VIEWS

    Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің ауқымын кеңейту үшін төл жаңа жылды күн мен түн теңелерден 10 күн бұрын бастау әдетке айналып келеді. Он күндік думанды мазмұнды ету аясында Көрісу күні ресми шаралардың қатарына қосылып, бүгінде бүкіл қазақ білетін айтулы күнге айналып отыр.

    Бір күннің аясымен шектеліп қалмай, жыл бойы жалғаса беретін Көрісу салты негізінен Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында және Ақтөбенің кейбір аудандарында, Ресейдің көршілес Астрахан, Саратов, Орынбор өңірлерінде, Қарақалпақстанда аталып өтеді. Ал Маңғыстау өңірінің жұрты оны Амал мерекесі деп те атайды.

    Ежелден келе жатқан ата салтымыз бойынша жастар осы күні үлкендерге сәлем беріп, батасын алады. Бұл күні қыстай барыс-келісі, алыс-берісі қиындаған ойдағы ел қырдағы елмен көрісіп, амандығын біліседі. Жұрт бір-біріне ақ тілегін арнайды.

    Амал мерекесін Наурыздан бөле-жара қарауға болмайды. Ол – Наурыздың алғашқы жаршысы іспеттес. Амалдың негізгі шарты – үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық көрсету, әлсізді демеу, жарлыны жарылқау. Бұл күні жасы кішілер үлкендерге арнайы сәлем беріп, қол алысып, төс қағыстырады. Ақсақалдар «Бір жасың құтты болсын!» деп, жастарға батасын береді. Бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады. Үй иелері келгендерге дәм ұсынып, ақ тілегін жаудырады. Осылайша, Көрісу – бауырмалдықтың, кішіпейілдіктің, қайырымдылықтың мерекесі саналады.

    Alatau News.kz

    Tags: амал мерекесікөрісу

    Ұсынымдар

    Жаңарған кәсіпорын

    Жаңарған кәсіпорын

    10 months ago
    Қазақстан мұнай өңдеуді дамытудың ұзақмерзімді стратегиясын жүзеге асыруда

    Қазақстан мұнай өңдеуді дамытудың ұзақмерзімді стратегиясын жүзеге асыруда

    7 months ago
    ӨТКІНШІ ӨМІР

    ӨТКІНШІ ӨМІР

    1 year ago
    Үздіктерді анықтайтын доп додасы

    Үздіктерді анықтайтын доп додасы

    4 months ago
    “Жас өрт сөндірушілер” әскери-патриоттық сыныптары ашылды

    “Жас өрт сөндірушілер” әскери-патриоттық сыныптары ашылды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>