Перейти к содержимому
Главная страница » Кезектен тыс сайланған парламенттің алғашқы сессиясы белгіленді

Кезектен тыс сайланған парламенттің алғашқы сессиясы белгіленді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сегізінші сайланған Парламенттің алғашқы сессиясын шақыру туралы қаулы қабылдады.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, алғашқы сессия 29 наурыз күні сағат 10-да басталады.

Парламент Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлау 19 наурызда өтіп, оның қорытындысы бойынша алты саяси партия өкілдеріне 69 депутаттық мандат тиді. Бұдан өзге, бір мандатты округтер бойынша 29 депутат сайланды.