-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Қонаев қаласының облыс орталығына айналғанына жыл толды

    08.06.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Демография, Инфрақұрылым, Құқық-заң, Мәдениет, Мереке, Өңір тынысы, Саясат, Үкімет, Экономика
    Қонаев қаласының облыс орталығына айналғанына жыл толды
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Осыдан бір жыл бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы облысының әкімшілік орталығын Қонаев қаласына көшіру жөніндегі жарлығы күшіне енді. Атаулы күнге орай, облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қаланың негізін қалаушылармен, ардагерлермен, депутаттармен кездесті.

    «Қонаев қаласы инфрақұрылымы дамыған, өмір сүруге қолайлы, заманауи нысандар көптеп салынған, жастардың қаласы болары анық. Себебі Президентіміз Қонаев қаласын жан-жақты дамытуды тапсырған және өзінің жеке бақылауына алған», – деді жиында өңір басшысы.

    Ол бұл қала – тарихи әділеттіліктің айшық көрінісі, ұлы тұлғаға берілген лайықты баға екенін атап өтті.

    «Жаңа облыс орталығына мемлекет және қоғам қайраткері, халқымыздың ардақты азаматы Дінмұхамед Қонаевтың есімінің берілуі де тегін емес. Өйткені бұл қала Дінмұхамед Ахметұлының бастамасымен салынған 43 қаланың бірі және бірегейі. Осы орайда, Қапшағайдың атауын Қонаев деп өзгерту туралы бастаманы көтерген жерлестеріме, мәслихатта қолдаған депутаттарға алғысымды білдіремін», – деді Марат Сұлтанғазиев.

    Жұртшылықты облыстың төл мерекесімен құттықтаған аймақ басшысы негізгі мақсат – алға қойылған міндеттерді бірлікпен, абыроймен атқарып, Алматы облысын дамудың жаңа деңгейіне шығару, Қонаев қаласын заманауи қала ету екенін де тілге тиек етті.

    Ал жиынға қатысқан шаһардың негізін қалаушылардың бірі Мұхтар Айсауытов келешекте Алматы облысы бүкіл Қазақстан үшін туристік әлеуетті тиімді іске асырудың үлгісі болуы қажет екенін атап өтіп, пікірімен бөлісті.

    «Енді қаламыз көркейеді, жанданады. Біз салған даңғыл жол одан ары жалғасын табады. Қонаев қаласы гүлденіп, экономикасы дамып, көп ұзамай, мұнда бірқатар нысандар салынып, жаңа жұмыс орындары ашылады, туристер көбейеді. Мен оған кәміл сенемін. Алматы облысы бүкіл Қазақстан үшін туристік әлеуетті тиімді іске асырудың үлгісі болуы тиіс. Күш – бірлікте. Сол бірліктің арқасында облысты одан әрі қарай дамытамыз», – деді ол.

    Кездесу соңында Марат Сұлтанғазиев бірқатар азаматқа «Құрмет» грамотасын табыс етті.

    Alatau News

    Ұсынымдар

    Ардагерлер ардақталды

    Ардагерлер ардақталды

    8 months ago
    Байланыс нығаяды

    Байланыс нығаяды

    6 months ago
    Көрсетілетін қызметті алушының құқықтары қалпына келтірілді

    Көрсетілетін қызметті алушының құқықтары қалпына келтірілді

    1 year ago
    Жолы жасалған ауыл тұрғындары Президентке алғыс жолдады

    Жолы жасалған ауыл тұрғындары Президентке алғыс жолдады

    2 years ago
    «Наурыз» ықшамауданы

    «Наурыз» ықшамауданы

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>