⛅
3°C
Қонаев
Сәрсенбі, Наурыз 4, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Моңғолия қазақтарының кіші Құрылтайы өтіп жатыр

    07.07.2023
    in Әлеумет, БАҚ, Барлық жаңалықтар, Идеология, Құқық-заң, Мәдениет, Парламент, Президент, Руханият, Саясат
    Моңғолия қазақтарының кіші Құрылтайы өтіп жатыр
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

    Моңғолияның Ұлан-Батыр, Хобда, Баян-Өлгей аймақтарында Моңғолия қазақтарының кіші Құрылтайы өтіп жатыр. 4-10 шілде аралығында өтіп жатқан айтулы шараға Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар қорының» ұйытқы болып отыр.

    Құрылтайға қатысып жатқан «Отандастар қорының» президенті Абзал Сапарбекұлы бастаған қазақстандық делегаттар құрамында Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттары, дипломатия ардагерлері, зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері бар.

    Моңғолия қазақтарының кіші Құрылтайы Ұлан-Батырдан басталды. Биылғы 4 шілдеде қазақстандық делегация Моңғолия астанасы Ұлан-Батырдың Налайх ауданының әкімі Ч.Раднаабазар және мәслихат депутаттарымен кездесті. Айта кетерлігі, бұл ауданда 5 мыңнан астам қазақ тұрады.

    Кездесуге «Отандастар қоры» басшысы Абзал Сапарбекұлы, Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Ғабит Қойшыбаев бастаған делегация мүшелері, Парламент Мәжілісінің депутаттары Үнзила Шапақ, Нұргүл Тау, Жарқынбек Амантай, дипломатия ардагері Сайлау Батыршаұлы, жазушы, «Алатау арайы» газетінің бас редакторы Кәдірбек Құныпияұлы, «Президент және халық» газетінің бас редакторы Марат Тоқашбаев, жазушы Ауыт Мұқибек, Түркияның Мимар Синан университетінің профессоры Абдулуахап Қара, Налайх ауданында қызмет ететін «Ер бірлігі» үкіметтік емес ұйымының басшылары мен өкілдері қатысты.

    Кездесу барысында Қор басшысы Абзал Сапарбекұлы Моңғолиядағы және Қазақстанға көшіп келген қандастарымыз Моңғолия мемлекетінің қамқорлығын ерекше ықылас-ризашылықпен еске алатынын және бұл шын жүректен шыққан сөз екенін атап өтті. Сөзін жалғастыра келе, Қоғам басшысы Моңғолия қазақтарының кіші құрылтайы аясында жоспарланған іс-шаралар туралы айтып өтті.
    Өз кезегінде, Мәжіліс депутаттары Үнзила Шапақ, Нұргүл Тау және Жарқынбек Амантай Моңғолия елінің тумалары ретінде Моңғолияға келгендеріне қуанышты екенін және парламентаралық байланыстарға өз үлестерін қосуға дайын екендеріне сенім білдірді.

    Дипломатия ардагері Сайлау Батыршаұлы 1992 жж. тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қарым-қатынастар туралы сыр шертті.

    ҚазАқпарат

    Ұсынымдар

    “Балаларым мен немерелерімнің болашағы үшін дауыс бердім”

    ОСК: Сайлаушылардың жартысына жуығы дауыс берді

    3 years ago
    Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрылды

    Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрылды

    1 month ago
    Халықтың 70%-ы еліміз дұрыс бағытта дамып жатыр деп есептейді – зерттеу

    Халықтың 70%-ы еліміз дұрыс бағытта дамып жатыр деп есептейді – зерттеу

    11 months ago
    Сарбаздар серт берді

    Сарбаздар серт берді

    2 years ago
    КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ КОМФОРТ САНТЕХНИКА ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

    КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ КОМФОРТ САНТЕХНИКА ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

    2 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>