Перейти к содержимому
Басты бет / Әлеумет / Алматы облысында жол апатынан мопед жүргізушісі мерт болды

Алматы облысында жол апатынан мопед жүргізушісі мерт болды

117 қаралым

Алматы облысында жол апаты болып, салдарынан мопед жүргізіп келе жатқан 17 жастағы бозбала қаза тапты.

Қайғылы оқиға Талғар ауданына қарасты Байсерке ауылында 22 тамыз күні болды. Ауыл көшелерінің бірінің қиылысында «Тойота Камри» көлігі мен мопед соқтығысып қалған. Жеңіл көлік жүргізушісі мопедті байқамай, мопед көлікке келіп соғылған. Соқтығыстан мопед жүргізушісі оқиға орнында тіл тартпай кеткен.

Полиция тиісті сараптама тағайындап, қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр.

↑