Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Зорлық-зомбылыққа қарсы күрес – ортақ міндет

Зорлық-зомбылыққа қарсы күрес – ортақ міндет

79 қаралым

Отбасындағы зорлық-зомбылық – тек бір отбасының мәселесі емес, бүкіл қоғамға ортақ әлеуметтік проблема. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін халықтың құқықтық сауаттылығын арттырып, заң талаптарын кеңінен түсіндіру қажет. Әсіресе әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды бағыттардың бірі саналады. Азаматтар тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілерін байқаса, үнсіз қалмай, тиісті органдарға хабарлауы керек. Зорлық-зомбылыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру – әділетті қоғамның басты талаптарының бірі.

Құралбек СӘБИТОВ

↑