-13 °c
Qonaev
Monday, May 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Жастарды қолдау – елдің болашағына жол ашады

    08.09.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Құқық-заң, Мәдениет, Президент, Саясат
    Жастарды қолдау – елдің болашағына жол ашады
    0
    SHARES
    40
    VIEWS

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйек күнгі Қазақстан халқына арнаған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етудің маңыздылығы жайында өте өзекті мәселелерді көтерді. Осы тұрғыдан келгенде Жолдау ерекше деп топшылауға болады. Мемлекет басшысы өз жолдауында жастар саясатына қатысты бірқатар маңызды мәселелерге де тоқталып өтті. Солардың бірі жастарды дамыту мен оларды қолдауға арналған бағдарлама қажет екенін айта келе: «Елімізді инновациялық жолмен дамыту үшін Астанада және Алматыда қажетті экожүйе қалыптастыруға мән беріліп отыр. Бірақ мұнымен шектелуге болмайды. Мен аймақтарға барғанда дарынды әрі ойы ұшқыр, яғни креативті азаматтармен үнемі кездесемін. Біз олардың өз әлеуетін толық ашуына жағдай жасауымыз керек. Аймақтағы жоғары оқу орындарының негізінде біртұтас инновациялық экожүйе құру қажет. Оны нақты сектормен тығыз ынтымақтаса отырып жүзеге асырған жөн. Бұл жұмысты әрбір облыс орталығында жүргізу керек. Астана хабының тәжірибесін кеңінен пайдаланған жөн», – деп топшылады.

    Біз еліміздің болашағы жастардың қолында екенін білуіміз керек. Егер жастарымыз білімді, білікті болса еліміз қарыштап дамиды, яғни экономикамыз көтеріледі деген сөз. Сол себепті, қазргі таңда жаңа өмірге қадам басқан студенттер мен жас ғалымдар жағдай жасауды одан әрі мемлекет тарапынан қолдап, әртүрлі бағдарламаларды іске асыруды талап етеді. Нақтырақ айтсақ, университеттерде жатаханалардың жетіспеуі, ғылыми-зерттеу институттарында жұмыс істейтін баспанасы жоқ жастарға (жас отбасыларға) Ғылым және жоғары білім министрлігінің тікелей араласуымен мемлекеттік бағдарлама арқылы баспана бөлу мәселесін шешіп беру қажет. Сондай-ақ, ЖОО бітірген жас мамандарға министрлік тарапынан жұмысқа орналастыру мәселесін шешіп берген оңды. Жоғары оқу орнын бітірген студенттерден жұмысқа орналасты деген өтірік анықтама алдыртуды шектеу қажет. Өкінішке орай бұл үрдіс бізде белең алып тұр. Осындай олқылықтарды шешетін болсақ елімізде жастар тұрақтайтын еді. Осы кезде бәрімізге белгілі білімді, ойы ұшқыр көптеген жастар шетел асып кетіп жатыр. Осының барлығы жастарға жағдай жасаудың салғырттығынан болып жатқан дүние. Тағы да бір айта кетерлік мәселе – мемлекеттік идеологияның нашар жұмыс істеуінде. Біз жастарды Отан сүйгіштікке, мемлекетке деген адалдыққа үйретуіміз қажет. Оның барлығы балабақшадан басталуға тиіс. Президент жолдауда: «Оқу-ағарту министрлігі популистердің жетегінде кетпей, балалардың мүддесін қорғауға тиіс. Білімді және бірнеше тілді меңгерген ұрпақ болашаққа сеніммен қадам басады. Біздің күшіміз – жастардың білімінде», – деді.

    Т.Әпендиев,
    Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология
    институтының жас ғалымдар кеңесінің мүшесі, PhD докторы

    Ұсынымдар

    Жас ұландар жарысы

    Жас ұландар жарысы

    5 months ago
    Ақбота алтыннан алқа тақты

    Ақбота алтыннан алқа тақты

    5 months ago
    «Халық қатысатын бюджет» аясында 8 жоба жүзеге асуда

    «Халық қатысатын бюджет» аясында 8 жоба жүзеге асуда

    6 months ago
    Ең әдемі киім

    Ең әдемі киім

    2 months ago
    Құрылыс қарқын алады

    Құрылыс қарқын алады

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.