☀️
16°C
Қонаев
Сенбі, Мамыр 23, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Әдебиет

    Түріп түннің перделерін

    Олжас СҮЛЕЙМЕНОВ

    23.05.2026
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар
    Түріп түннің перделерін
    0
    SHARES
    0
    VIEWS
    Махамбеттің соңғы сөзі
    Бісміллә!
    Алыс жаққа жорытқанда,
    Жорықтарда  бөгіп қанға,
    Жүрегімді суыттым.
    Айлам бар ма –
    Айлап, жылдап майдандарда,
    Ашу, ыза бойды алғанда,
    Өзімді өзім ұмыттым…
    Ер үстінде туған едім,
    Шынжырымен матап мені,
    Бара жатыр бунап өлім.
    Ата жауым қара жаяу қалдырды,
    Мойыныма
    Итке ұқсатып, қарғыбауын салдырды.
    Ұмытармын
    Қас тұлпардан тамған тердің иісін.
    Ұмыт қалар зынданда,
    Ұрандаған ұрысым.
    Ал таңертең бөлшектеп отқа тастар тәнімді,
    Ұмыттырып сол бір тарлан шағымды.
    Ұмытармын жарларымның қылығын,
    Жалаң қылыш секілді едім – құрыдым.
    Тот басты да жарқылдаған жүзімді,
    Өз жүрегім жыланға ұқсап көмейіме тығылды.
    Өкінішті-ақ!
    Ет жүрегім – тілім-тілім, жаралы…
    Барлығын да ұмытармын,
    Кескілескен майданды,
    Отқа оранған даланы.
    Бәрі, бәрі қалады:
    Көмейімді кернеп шыққан ұраным да,
    Құтқарушы – Құраным да… Иә, әруақ!
    Шөл далаға айдың нұры төгіліп,
    Буралар жүр інгендерге емініп…
    Қазақтардың қазанында сүт пісіп,
    Бірін-бірі жұлқиды иттер іші пысып…
    Ал, мен болсам зындандамын,  обал-ақ.
    Соңғы күлше секілденіп жарық ай,
    Алақанға келе жатыр домалап…
    Анама
    Не туралы бұл ауыл?
    Махаббат пен
    Ашық аспан астындағы
    Өмір жайлы –
    Мәңгілікке сөндірмейтін шырағын.
    Асықпайтын кешқұрым шақ,
    Шақыр мені, аралауға
    Қиялымның мен көрмеген тұрағын.
    Көктемдегі торғайдай,
    Әлде күзгі қаздардай,
    Қанаттарым жарты әлемді шарлап ұшты асығып,
    Лимпопоның өзеніне қауырсынын матырып.
    Цейлон жақтан соққан тәтті желге де,
    Құлаш сермеп, асылып…
    Не туралы мына жол?
    Өзіңдікін дұрыс десең,
    Өзімшілге сына бол:
    Пайғамбардың әкесі емес, бірақ ол.
    Жуас болғын жуаспен:
    Құл ғып оны жұмсамағын бірақ сен.
    Мен де солай істегенмін, расында:
    Ант етемін, қара жол!
    Көмек қолын соза алмадым бәріне,
    Мен бір Құдай емеспін ғой, әрине.
    Қауқар бар ма жалғыз-жаяу ақында?
    Бар сұрақтың таба алмадым жауабын,
    Қолдан келіп тұрса-дағы қалайда,
    Адамдарды алдағам жоқ алайда…
    Шөлдегі түн
    Үнсіз жатқан суық құмда,
    Шөлдесең де су іздеме.
    Шөл далада шық тұрмайды.
    Шық тұрмайды,
    Жүзіңе, киізге де…
    Алып тастар ұнтақталып,
    Құм толқында құндақталып,
    Сағат сынды сабыр сақтап,
    Түн батса да,
    Ай астында,
    Тіршілікті тыңдап бағып,
    Қапырықтан қажып әбден,
    Жата берер сұлап, талып.
    Таңқаламын, бұл далада
    Шық тұрмайды бірақ, нағып?..
    Қорқаулар жүр даңғаза ғып,
    Шық тұрмайтын шөл даланы.
    Сексеуілдің қаңқасы да,
    Шыққа шөлдеп, долданады.
    Айдың бозғылт сәулелері,
    Түріп түннің перделерін.
    Жалаңаштап шөл даланың
    Кеуіп-піскен кеуделерін.
    Құм-жоталар айта алмай тұр,
    Шық-тамшыға шөлдегенін.
    Таңға жуық,
    Ай да суып,
    Көкжиегі Шығыстың,
    Жарқ етеді шығып күн.
    Мың құбылып, қызынып –
    Жалғыз жанның жүзіндегі
    Жалғыз тамшы мөлдір шықты сіміріп…
    Аударған – Алмат ИСӘДІЛ

    Соңғы жаңалықтар

    Мобильді топ мамандары марапатталды
    23.05.2026
    Түріп түннің перделерін
    23.05.2026
    ТӘУКЕ ХАННЫҢ ЗАМАНДАСЫ – САРЫ БИ
    23.05.2026
    Қайсар қаламгер
    23.05.2026
    Бала тәрбиесі – ортақ жауапкершілік
    23.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>