1990 жылы 25 қазан күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз КСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Болашақ Тәуелсіздіктің іргетасы қаланды.
Тарихи құжат қабылданғаннан бергі 33 жылда еліміздің өткен жолының дұрыстығының куәсі болып отырмыз. Қазақ елі жеке басқару жүйесі, тарихи қалыптасқан территориясы, мемлекеттік бюджеті, валютасы, жеке рәміздері, халықаралық қатынастағы дербестігі, экономикалық бағыты бар жеке ел. Эл эконмикасы әлемдік дамыған елдермен тікелей байланыста даму даму үстінде. Ұлтаралық келісім, адам бостандығы, құқығы заңмен қорғалған. Міне, осының барлығы Республика күнімен тікелей байланысты. Қазақ елі әлемдік қауымдастықта ядролық қарудан бас тартқан тұңғыш мемлекет ретінде бейбіт өмірдің көшбасшысы болды. Бұл да егемендігіміздің басты жемісі.
25 қазан Қазақ елінің ғасырлар бойы аңсаған, армандаған мақсатына жеткен күн. Еліміз еңселі, тұғырымыз биік болсын!
Қанат Ахметов, Нарынқол ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы, Райымбек ауданы