-13 °c
Qonaev
Monday, May 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Азия ойындарының чемпиондарын қарсы алды

    02.10.2023
    in Барлық жаңалықтар, Өңір тынысы, Спорт
    Азия ойындарының чемпиондарын қарсы алды

    фото: Аслан Қажеке

    0
    SHARES
    16
    VIEWS

    Алматы әуежайында ХІХ Азия ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін салтанатты түрде қарсы алу шарасы өтті. Облыстан шыққан спортшылар Әсем Орынбай, Эдуард Ещенко мен Аян Тұрсын Азия аламанында өңірдің ғана емес, бүкіл Алаш жұртының абыройын асқақтатып қайтты.

    Ел мақтаныштары 2023 жылдың 23 қыркүйегі мен 8 қазаны аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарына қатысып, Қазақстан даңқын көкке көтерді. Атап айтқанда, әлемдік сайыстардың жеңімпазы Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко алтыннан алқа тағынды. Қазақстандық сұрмергендер Кувейттен келген қарсыластарынан басым түсіп, үздіктердің арасынан топ жарды. Қазақстан әйелдер құрамасы сапында да Әсем Орынбай жерлестері Ольга Панаринамен, Зоя Кравченкомен бірге алтын медаль жеңіп алып, Азия ойындарында рекорд орнатты. Жекелей сында Әсем Орынбай тағы оза шауып, қола жүлдегер атанды. Осылайша, мақтан тұтар қызымыз Әсем Орынбай бүкіл қазақ елінің қошемет-құрметіне бөленді.

    Облыстың тағы бір спортшысы Аян Тұрсын ушу-саньда сайысында үздік үштікті түйіндеді. Аян Тұрсын Азия ойындарында 52 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға дейін жетті. Сөйтіп, қытайлық Юйейао Лиге есе жіберіп, қола жүлдені қанжығасына байлады.

    Айта кетейік, Азия ойындарында Қазақстан құрама командасы сапында облыстан барлығы 10 спортшы қатысуда. Алда әлі әйелдер күресінен Марина Седнева мен джиу-джитсудан Мариан Ордабаеваның өнері бар. Облыстың қос саңлағы 5 және 7 қазанда сайысқа шығады.

    Азия ойындары – төрт жылда бір рет өтетін, Азия елдерінің спортшылары ғана қатыса алатын кешенді жарыс болып саналады. Қазақстан құрамасы Азия ойындарына 1994 жылдан бері сегізінші рет қатысып отыр.

    ӨЗ ТІЛШІМІЗ

    Ұсынымдар

    Державалар текетіресінде Қазақстанның маңызы зоры

    Державалар текетіресінде Қазақстанның маңызы зоры

    11 months ago
    Жүйелі жұмыс жалғасады

    Жүйелі жұмыс жалғасады

    8 months ago
    АҚСАҚАЛДАР – БІРЛІКТІҢ ҰЙЫТҚЫСЫ

    Мемлекеттік тілді құрметтеу – әр азаматтың борышы

    4 weeks ago
    Атқарылған іс аз емес

    Атқарылған іс аз емес

    10 months ago
    Жаураған ұстаз. Дірдектеген оқушы

    Жаураған ұстаз. Дірдектеген оқушы

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.