Перейти к содержимому

Қытай мен Қырғызстан аумағында тағы жер сілкінді

Алматыда 24 қаңтарға қараған түні бірнеше афтершок болды. Түнгі сағат екіден бері сейсмикалық стансалар желісі алты жер сілкінісін тіркеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Соңғы дүмпу таңғы сағат 08:39 кезінде болды.

Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 212 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында тіркелді.

Зілзаланың энергетикалық санаты — 10.3. MPV магнитудасы — 4.4. Тереңдігі — 10 шақырым. Алматыда сезілген жоқ.

Афтершок он-он бес минутта, сағат 08:54 шамасында тағы қайталанды. Дүмпудің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 268 шақырым жерде, Қытай аумағында. Зілзаланың энергетикалық санаты — 11.4. MPV магнитудасы — 5.1. Тереңдігі — 5 шақырым. Алматыда сезілген жоқ.

Жалпы соңғы төрт жер сілкінісін де қазақстандықтар сезбеді.

Мұның алдында таңғы 05:50 және 07:35 кезінде екі зілзала болған еді.