Перейти к содержимому
Главная страница » Алматы облысында терроризмге қарсы жаттығу өткізіледі

Алматы облысында терроризмге қарсы жаттығу өткізіледі

Алматы облысының сауда орталығында терроризмге қарсы жаттығулар өткізіледі.

Сәуір айында облыстық Терроризммен күрес жөніндегі жедел штабтың күштері мен құралдары терроризм көріністеріне шұғыл реакция таныту іс-қимылдарын пысықтау бойынша оқу-жаттығу іс-шараларын өткізу жоспарлануда.

Оқу-жаттығу шеңберінде сауда орталығының айналасында шектеу шаралары көзделген.

Осыған байланысты азаматтарды өткізілетін оқу-жаттығу бағдарламаларына түсіністікпен қарауға, іс-шаралар кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға, арнаулы, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың жұмылдырылған қызметшілерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпарат таратуға жол бермеуге шақырамыз.