-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Балалардың жұлдызын жаққан

    04.04.2024
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Идеология, Мәдениет, Өңір тынысы
    Балалардың жұлдызын жаққан
    0
    SHARES
    13
    VIEWS

    Қоғамда сынға іліге бермейтін жалғыз маман иелері бар. Олар – ұстаздар. Өзгенің баласын өзінің баласынан артық көретін жаны жайсаң жандар көбінде алғыс арқалап жатады. Бүгінгі таныстырғалы отырған өнер иесі де ұстаздар қауымынан. Байсерке ауылындағы №28 мектеп-гимназиясының мұғалімі, отбасында адал жар, аяулы ана болса, мектепте шығармашылық әлеуеті жоғары мұғалім, жаңашыл ұстаз атанған Гүлжазира Ғаббасова жайлы айтар әңгіме бір төбе.

    Оның тәрбиелеп жатқан күміскөмей бүлдіршін әншілері қазір үлкен сахнаны бағындыру жолында еңбек етіп, оқу оқып жатыр. Іле ауданында байсеркелік «Балдәуренсіз» ешқандай концерт өткен емес. Қашан көрсеңіз, үкілі бүлдіршіндерін ертіп, топтың ортасында Гүлжазира Жәнібекқызы жүреді. Шәкірттері сахнаға шығып, концерттің шырайын келтіріп ән салғанда құдды Ұлы даланың төсінде емін-еркін сайрап тұрған бұлбұлдар елес береді. Гүлжазира Жәнібекқызынан өзі туралы сұрағанымызда: «Менің ұстаздық пен өнер жолына келуім кездейсоқ емес. Бала күнімнен ұстаз болуды армандап өстім. Өйткені, әкем мен анам өнерден құралақан адамдар емес еді. Кішкентай кезімде отбасымызбен топ құрдық, анам мектепте оқушылар ансамблін жасақтады. Сол ансамбльдің әншісі болып өстім. Әкем де, анам да – ұстаз, анам музыка пәнінен сабақ берді. Ана сүтімен бойыма дарыған өнердің арқасында, анамның әні мен күйінің нәтижесінде «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, мен де осы ұстаздық жолды, өнерді таңдадым. Әкемнің: «Болашағыңа кім кездеседі, ғұмырлық серігің сені қолдай ала ма, түсінетін адам болса жақсы», – деген сөзіне қарамастан, Қостанай қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің музыка факультетіне түсіп, оны 1999 жылы тәмамдадым. Содан бері ұстазбын», – деді.

    «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» дегендей, №28 мектеп оқушыларынан құрылған «Балдәурен» вокалдық тобы республикалық «Мен де жұлдыз боламын» атты байқауға қатысып, 1-орынды иеленіп, Түркия еліне жолдама ұтып алды. «Балдәурен» тобының қоржынында жалғыз бұл байқау ғана емес, халықаралық, республикалық, облыстық бірнеше конкурстың жүлдесі жатыр.

    Бүгінде «Балдәурен» тобы мектепішілік, аудандық, облыстық іс-шаралардың көркіне айналған. Әншілердің құрамында кіші, орта және үлкен топ оқушылары бар. Топ туралы жетекшісі Гүлжазира Жәнібекқызы былай дейді: «Алғаш мектепке келгенде «Самғау» вокалдық тобын құрдым. Ол топ мүшелері Майра Ілиясованың «Жұлдыз боламын» концертінде Қазақстан эстрада жұлдыздарымен бірге өнер көрсетті. Халықаралық, республикалық байқаулардың жүлдегері болды. Одан кейін біздің топтан Аяулым Құсайын қазір «Ayau» деген атпен жеке өнер көрсетіп жүр. Рахима Қуанышбай, Жайна Аталық, Әнел Толқын студент атанып, қазір өнер жолында. Сондай-ақ «Балдәурен» вокалдық тобының құрамы жыл сайын кішкентай әншілермен толықтырылып отырады. Кейін «Балдәурен» деген атқа тоқталып, топ атауын өзгертпеуге шешім қабылдадық. Тек құрамы балалардың жасына қарай топқа бөлініп, өзгеріп отырады».

    Өнерлі де талантты ұрпақ тәрбиелеу жолында кейіпкеріміздің еңбегі зор. Бүгінде осы «Балдәурен» тобының құрамында болып, мектеп қабырғасынан ұшқан талай шәкірті үлкен сахналарда өнер көрсетіп, түрлі телевизиялық жобаларға қатысып жүр. Шәкірттерінің алды Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында білім алып жүрсе, енді бірі тобы – П.Чайковский атындағы колледж студенттері. «Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші, баланың дарыны мен талантын көре біліп, ұштап жүрген Гүлжазира Жәнібекқызы жол сілтеуден еш жалыққан емес. Үнемі шығармашылық ізденіс үстінде жүретін ұстаз өнерпаз оқушыларының репертуарына да жан-жақты мән береді. «Балдәурен» тобының репертуарында Қазақстан композиторларының туындыларымен қатар халық әндері де бар. Бір ерекшелігі, топ мүшелері ешқандай музыкалық білімі болмаса да, әндерді бір емес, бірнеше дауыста орындайды. «Балдәуреннің» балалары әлі талай өнердің биік шыңын бағындыра алады деп сенеміз. «Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны» дейді мақала кейіпкері. Өнерлі ұжымға алдағы уақытта толағай табыс пен шығармашылық жеңістер тілейміз.

    Бағдат Тоқанұлы,
    Байсерке ауылы,
    Іле ауданы

    Ұсынымдар

    Жас сарбаздармен толықты

    Жас сарбаздармен толықты

    4 months ago
    Тұрғындар қарқынды дауыс беруде

    Тұрғындар қарқынды дауыс беруде

    2 years ago
    Ауылға автобус қатынайды

    Ауылға автобус қатынайды

    3 months ago
    Сенатор Алматы облысының су шаруашылығы мәселелерімен танысты

    Сенатор Алматы облысының су шаруашылығы мәселелерімен танысты

    2 years ago
    Оқырманға жол тартты

    Оқырманға жол тартты

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>