-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Көлігімен көмекке келді

    08.04.2024
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Өңір тынысы, Төтенше жағдай
    Қысылғанда көмек қолын созды

    Фото Оңғар Қабденнің Фб парақшасынан алынды

    0
    SHARES
    97
    VIEWS

    Елімізді әуре-сарсаңға салған су тасқыны әлі де бой бермей тұр. Қаншама күш жұмылып, техника тартылса да, қарғын судың беті қайтар емес. Тасқыннан зардап шеккен аймақтарға жұрт бір кісідей атсалысып, қолдан келген көмегін аямауда. Әрине, мұндай сауапты іске қарапайым азаматтар да өз үлесін қосып жатыр. Солардың бірі – Райымбек ауданының тумасы Назымбек Төлегенұлы.

    Ол өзінің ГАЗел автокөлігімен Алматыдан Астанаға жүк тиеп әкелген. Сол кезде көлік жүргізушілерінің ортақ чатынан «Торғайға көмекке кім барады?» деген хабарламаға көзі түседі. Оқи сала, ойланбастан келісімін беріп, қызметіне бір тиын ақы алмастан су басқан аймаққа аттанады. 950 шақырымдық Астана–Арқалық жолын әупірімдеп жүріп өтіп, халықтың аманатын аман-есен жеткізеді. Иә, қарға адым жерге ақы сұрайтын заманда азаматтық танытып, екінің бірі бара бермейтін қадамға батыл кіріскені – нағыз ерліктің көрінісі емес пе?!

    Назымбектің бұл әрекеті әлеуметтік желіде көпшіліктің назарын аударып, халықтың ыстық ықыласына бөленіп үлгерді. Біз де бүгінгі күннің батырымен хабарласып, аз-кем тілдескен едік.
    – Сәуір айының 2-сі күні Алматыдан Астанаға келдім. Ортақ чатқа Торғайға бару үшін автокөлік керек деген хабарлама түсті. Ол жерде өзім аттас Назымбек деген жігіт болған. Өзі Торғай облысынан, жақсы араласып тұрамыз. Осындай қиын кезеңде елдігіміз бен бірлігімізді көрсету өте маңызды. Сондықтан қол қусырып қарап отыра алмадым. Зардап шеккен ағайынға дайындалған көмек керуеніне ұн, картоп, күріш, май, макарон өнімдері, қант, шайларды тиедік. Жарығы жоқ ауылдарға тоқ беретін генераторларды да апардық. Су басқан аймақтардың жағдайы өте қиын. Көзбен көргенде көңілің құлазиды, – дейді Назымбек.

    Назымбек Төлегенұлы Райымбек ауданы Ақбейіт ауылында дүниеге келген. Әкесі Төлеген мен анасы Фарида – қарапайым шаруа адамдары. Назымбек 2012 жылы Сарыжаз ауылындағы орта мектепті аяқтаған соң, арман қуып Астана қаласына келеді. Онда кіші әкесі Ербол Спатаевтың қолында тұрады. Ендігі әңгімені ол кісінің өз аузынан естиік.
    – Назымбек осында колледжде оқыды, университетті тәмамдады. Қай жерде жұмыс істесе де артынан тек жақсы сөз еретін. Олай дейтін себебім, Назымбектің мінезі көркем, еңбекқор, адал, шыншыл, әркез көмек қолын созуға дайын тұрады. Кейін ГАЗел машинасына көңілі ауды. Алғашқыда қаланың ішінде жүк тасып жүрді. Сөйтіп жүріп, бір қаладан екінші қалаға шыға бастады. Жол азабын жолда жүрген біледі емес пе?! Кейде апталап, айлап көрмей кетеміз. Ол жолдың ұзақтығын ескеріп, көлігінің ішін шағын пәтерге айналдырған. Ішінде тоңазытқыш, жылу жүйесі, теледидарға дейін бар. Тапқан-таянғанын алыстағы әке-шешесіне жіберіп тұрады, – дейді Ербол.

    Назымбек бұл сауапты істі өзінің азаматтық борышы деп санайды. Адам ерлікке айтып бармайтыны белгілі. Оның бұл әрекеті көпке үлгі болатыны сөзсіз.

    Дәурен Әбутәліпов,
    Кеген ауданы

     

    1 of 4
    - +

    1.

    2.

    3.

    4.

    Ұсынымдар

    Ұлттық статистика бюросы: Жылдық инфляция екінші ай қатарынан баяулап келеді

    Ұлттық статистика бюросы: Жылдық инфляция екінші ай қатарынан баяулап келеді

    2 years ago
    ЖЕҢІСТЕ ТУҒАН ЖЕҢІСТЕР

    ЖЕҢІСТЕ ТУҒАН ЖЕҢІСТЕР

    4 weeks ago
    Ақсақалдар ақыл-ой турнирінде

    Ақсақалдар ақыл-ой турнирінде

    11 months ago
    Министрлік лагерь сөзін өзгертуді пысықтап жатыр

    Министрлік лагерь сөзін өзгертуді пысықтап жатыр

    2 years ago
    Талғар ауданында спутник қала салынбақ

    Талғарда неге музей жоқ?

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.