-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Президент бастамалары қоғамға қозғау салуда

    18.04.2024
    in Әлеумет, БАҚ, Барлық жаңалықтар, Идеология, Құқық-заң, Мәдениет, Өңір тынысы, Президент
    Президент  бастамалары  қоғамға қозғау  салуда
    0
    SHARES
    19
    VIEWS

    Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі Мәлік Отарбаев Еңбекшіқазақ ауданына жасаған жұмыс сапары аясында Шелек өңірінің ардагерлерімен, дін қызметкерлері және жастармен кездесті.
    Ең әуелі Мәлік Нұржанұлы Шелек өлкетану мұражайына атбасын тіреп, өңірдің өткенімен танысты. Мұражайдағы жәдігерлерді көзбен көрген Президент кеңесшісі музей қорының мол екендігін айтты. Алайда, музей кызметін жетілдіру керектігін тілге тиек етті.

    Келесі қадамда Мәлік Нұржанұлы Шелек өңірінің ардагерлерімен кездесті. Жасында бейнет етіп, бүгінде зейнетін көріп отырған ел ағалары ауданда атқарылған әр іске ақылын айтып, бағасын беріп, ауданның өсіп-өркендеуіне зор ықпалын тигізуде. Кездесуде Шелек өңірінің ардагерлері өзін толғандырған мәселелерді ортаға салды. Олар Президент кеңесшісіне кей ауылдарда әлеуметтік нысандар бой көтерсе, елдімекендерде жұмыс орны ашылса деген өтініштерін жеткізді. Өз кезегінде Мәлік Нұржанұлы ауылдың қоғамдық өміріне белсене араласып, түрлі салада еңбек етіп, үлгі өнеге болып жүрген ардагерлер қауымына алғысын жеткізді. Сонымен қоса, кездесуде Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев Мемлекет басшысының ауқымды реформалары және Ұлттық құрылтайдағы жан-жақты идеялар мен бастамалары туралы да сөз қозғады. Ол президент бастамаларының қоғамға қозғау салып жатқандығын баяндады.

    Мәлік Отарбаев Шелек өңіріндегі сапарында дін қызметкерлерін де назардан тыс қалдырған жоқ. Шелек ауылдық округінің кітапханасында өткен іс-шараны аудан басшысы Т.Байеділов жүргізді. Кездесу барысында Президент кеңесшісі қатысушылармен өзекті мәселелерді, оның ішінде өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік бағытында тәрбиелеуді, зерделеу және әртүрлі пәндерді оқыту арқылы мәдениетті тәрбиелеуді талқылады.
    Мәлік Нұржанұлы сапар соңын өңір жастарымен кездесумен түйіндеді. Шелек политехникалық колледжінде өткен шарада сөз тізгінін алған Мәлік Нұржанұлы жастарға заман талабынан туындаған қажеттіліктер мен ұлттық құндылықтың басымдығы, жаһанданудың ықпалы мен ұлттық тәрбиенің өзегін ажыратудың маңыздылығы, дұрыс әрі құнды мақсат қоюдың жастарды кәсіби тұрғыдан өсіретінін жіліктеп түсіндіріп берді. Әр адамның басты бағдаршамы кітап болу керектігін баса айтқан Президент кеңесшісі елімізде өткізіліп жатқан саяси науқанға еліміздің жастары да өз үлестерін қосу керектігін түсіндірді. «Кім болашаққа сеніммен қараса, соның болашағы жарқын. Ал кім күмәнмен қараса, оның өмірі де күмәнді, ала-құла күйде өтеді. Сондықтан, келешекке сеніммен қараңыздар», – деген Мәлік Нұржанұлы жас ұрпақтың көздеген мұраты асыл, мақсаты биік болуы керектігін алға тартты. Өз кезегінде жастар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, ой-пікірлерімен бөлісті.

    Ерзат Асыл,
    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    «Пенчак силаттан» облыстық чемпионат өтті

    «Пенчак силаттан» облыстық чемпионат өтті

    7 months ago
    41 тонна тұрмыстық қалдық шығарылды

    41 тонна тұрмыстық қалдық шығарылды

    11 months ago
    Алматы облысында 2024 жылы 90 дәрігер жұмысқа орналасты

    Алматы облысында 2024 жылы 90 дәрігер жұмысқа орналасты

    5 months ago
    Президент Алматы облысы кәсіпорындарының өнімдерімен танысты

    Президент Алматы облысы кәсіпорындарының өнімдерімен танысты

    2 years ago
    Рух пен сенім

    Рух пен сенім

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>