Алматы облысында тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді интернетпен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Кезекті жұмыс сапары барысында шалғай елдімекендердегі байланыс инфрақұрылымының жағдайы зерделеніп, интернетпен қамту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар қаралды. Көкпияз ауылы талшықты-оптикалық байланыс желісіне (ТОБЖ) қосылды. Бұл жұмыс «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылды. Бүгінде ауылдағы 67 үй, мектеп және фельдшерлік-акушерлік пункт жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар, шалғай елді мекендер үшін спутниктік интернетті дамыту да маңызды бағыттардың бірі. Мұндай шешім тұрғындардың тұрақты байланыста болуына және цифрлық қызметтерге қол жеткізуіне мүмкіндік береді.
Цифрлық инфрақұрылымды дамыту — өңір тұрғындары үшін интернеттің қолжетімділігін арттыруға бағытталған тұрақты жұмыстың маңызды бөлігі.
