Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Тазалығын сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз

Тазалығын сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз

42 қаралым

Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы – қоршаған ортаны қорғауға бағытталған кезекті науқан ғана емес, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастырып, азаматтық жауапкершілікті арттыруға үндейтін ауқымды қозғалыс.
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Қартұрық ауылдық округінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында жүйелі әрі нәтижелі жұмыстарды жүзеге асуда.

«Қаратұрық ауылдық округінде абаттандыру және тазалық жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бұған дейін отырғызылған ағаш көшеттеріне уақытылы суару жұмыстары ұйымдастырылып, олардың жақсы өсуіне жағдай жасалуда. Сонымен қатар, ауылдық округ аумағындағы саябақта тазалық жұмыстары жүргізіліп, қоқыстар жиналып, аумақ ретке келтірілді. Табиғатты аялау, жасыл желекті күтіп-баптау және қоғамдық орындардың тазалығын сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз», – дейді округ әкімі Айбек Ілебаев.

Еңбекшіқазақ ауданы

↑