Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / «Заң және тәртіп»: Алатау қаласында «Дрифт» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде

«Заң және тәртіп»: Алатау қаласында «Дрифт» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде

38 қаралым


Алматы облысының Алатау қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың алдын алу және жолын кесу мақсатында «Дрифт» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараны Алатау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері жүргізіп жатыр. Негізгі мақсат – жол қозғалысы ережелерін бұзатын жүргізушілерді анықтау, қауіпті маневрлердің алдын алу және әсіресе түнгі уақытта көлік құралдарын қауіпсіз басқаруды қамтамасыз ету.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері көлік құралдарын қауіпті маневрлермен басқаратын және жол қозғалысы ережелерін бұзатын жүргізушілерге ерекше назар аударады. Заң талаптарын бұзу фактілері анықталған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады.
Құқық қорғау органдары жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, белгіленген жылдамдық режимін бұзбауға және жолда қауіпті маневрлер жасауға жол бермеуге шақырады.
Құрметті жүргізушілер!
Өзіңіздің және өзге де жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қараңыз. Жолдағы қауіпсіздік – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз. Заңды сақтау – қауіпсіздіктің кепілі!


Әділхан Базарбаев,
Алатау қаласы ПБ қоғамдық қауіпсіздік
бөлімінің аға учаскелік полиция инспекторы

↑