Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Қарттарға құрмет көрсетілді

Қарттарға құрмет көрсетілді

57 қаралым

Алматы облысының Алатау қаласында Халықаралық қарттар күніне орай, «Ғұмырдың алтын бесігі» атты мерекелік іс-шара өтті. Жиын барысында қаламыздың дамуы мен өркендеуіне өз үлесін қосып, саналы ғұмырын ел игілігіне арнаған ардагерлерге ерекше құрмет көрсетілді. Ақ жаулықты әжелеріміз бен ақ сақалды аталарымызға сый-сияпат табысталып, жүрекжарды тілектер айтылды.
Іс-шара барысында Алатау қаласының әкімі Аркен Өтенов ардагерлердің қоғамдағы орнына тоқталып, олардың өмірлік тәжірибесі мен өнегесі кейінгі ұрпақ үшін қашанда қымбат екенін атап өтті. Сондай-ақ зейнеткерлерді қолдау және олардың жан-жақты жағдайын жасау бағытындағы жұмыстардың тұрақты түрде жалғасатынын жеткізді.
Мерекелік кештің көркін Алатау қаласының мәдениет бөлімі әзірлеген концерттік бағдарлама аша түсті. Әсем әндер шырқалып, жүрекке жылы музыкалық шығармалар орындалды. Кеш қонақтары сүйікті әндерін тыңдап, жастық шақтың жарқын сәттерін еске алып, көтеріңкі көңіл күйге бөленді.


Риза САУРБАЕВА,
қоғамдық кеңестің төрағасы
Алатау қаласы

↑