Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Alatau Hub-тың Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасымен кездесуі

Alatau Hub-тың Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасымен кездесуі

184 қаралым

Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы («Атамекен») өкілдерімен өңір кәсіпкерлерін қолдау мүмкіндіктері мен инновациялық экожүйені дамыту мәселелерін талқылау мақсатында жұмыс кездесуі өтті.
Кездесуге Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Саян Бакиров, директордың орынбасары Жанна Қырғызалықызы, Салалық даму және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бөлімінің басшысы Дина Жанатқызы, жетекші сарапшы Айдос Талғатұлы, «KAISON GROUP» ЖШС директоры, Алматы облысы бойынша әлеуметтік инноваторлар қауымдастығының өкілі Ануар Айтпеков, Alatau Hub директоры Асхат Оңалбайұлы қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – Alatau Hub мүмкіндіктері мен ресурстарының Алматы облысының кәсіпкерлеріне қалай пайдалы болатынын талқылау. Атап айтқанда, бизнес-идеялар мен стартаптарды дамыту, цифрлық және инновациялық шешімдерді енгізу мәселелеріне назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар одан әрі ынтымақтастық орнатуға және өңір кәсіпкерлеріне жобаларын дамытуға, жаңа технологияларды енгізуге және инновациялық экожүйемен өзара іс-қимыл жасауға көбірек мүмкіндік беру бағытында бірлесіп жұмыс істеуге келісті.
Алда бірлескен бастамалар мен Алматы облысының бизнесі үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады.

Алтынай СЕЙІТКЕН

↑