-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    “Алтын адам” маңы абаттандырылды

    03.05.2024
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Туризм және саяхат, Экология
    “Алтын адам” маңы абаттандырылды
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Бүгінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елдің түкпір-түкпірінде ұйымдастырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы Еңбекшіқазақ ауданында жалпыхалықтық сипатқа ие болды.

    Науқанның басты мақсаты – тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, туған жердің тазалығына ден қою, келер ұрпақтың бойында патриотизм сезімін ояту екенін терең түсінген халық бұл іске жұмыла кірісті. Тазалық жұмыстары аудандағы 79 елдімекенді түгел қамтыды.
    Науқан басталғалы небәрі 3 аптада аудан аумағынан 1734 тонна тұрмыстық қалдық шығарылды. Әлеуметтік нысандар – мектеп пен балабақша, Мәдениет үйлері мен кітапхана, аурухана, спорт алаңдары, ескерткіштер маңы мен саябақтарға, көше бойларына ұзын саны 10 мың түп ағаш пен гүл көшеттері отырғызылды. Тарихи-мәдени ескерткіштерді қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, айналасы абаттандырылды.
    Мұндай сенбіліктің бірі – Қазақстан тәуелсіздігінің символына айналған Алтын Адам ескерткіші маңындағы тазалық акциясына аудан әкімі бастаған аудан белсенділері, ақсақалдар мен жастар қатысты. Түрген шатқалына барар жолда орналасқан бұл аумақ қоқыстан тазартылды. Туристерге арналған шатырлар мен орындықтар сырланды. Сонымен қатар «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» демекші, жаздыгүні халық демалатын сүйікті орынға айналған бұл жерге 250 түп ағаш отырғызылып, жасыл желектің жайқалып өсуіне жағдай жасалды. Аудан әкімі Талғат Байеділов тұрғындарды табиғатты аялауға шақырып, қоршаған ортаның жай-күйі, туған топырағымыздың тазалығы – әрқайсымыздың іс-әрекетімізге байланысты екенін айтты.
    Тазалық жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын тауып, күнделікті әдетімізге айналса, құба-құп, әрине.

    Құралай Мұратқызы,
    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Мемлекет басшысы Сүлеймен Демирел атындағы университетке барды

    Мемлекет басшысы Сүлеймен Демирел атындағы университетке барды

    2 years ago
    Еңбек адамын қолдайды

    Еңбек адамын қолдайды

    4 months ago
    Шөп өртегендер жауапкершілікке тартылды

    Шөп өртегендер жауапкершілікке тартылды

    2 years ago
    Көлік қызметкерлері марапатталды

    Көлік қызметкерлері марапатталды

    10 months ago
    Қонаевта әскери қызметкерлер дауыс берді

    Қонаевта әскери қызметкерлер дауыс берді

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.