-13 °c
Qonaev
Saturday, May 24, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Рухани құндылық – тәрбие өзегі

    19.06.2024
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Мәдениет, Руханият
    Тәрбие – тал бесіктен

    Фото: kazgazeta.kz

    0
    SHARES
    48
    VIEWS

    Ата-ананың көз қуанышы, жұбанышы, үміт артары, бар бақыты – перзенті.  Сондықтан баласының үлкен белестерді бағындырып, өмірден өз орнын табуы үшін бар күшін салады. Түрлі үйірмелерге беріп, жан-жақты дамытқысы келеді.

    Бүгінде спорт, өнер мектептері, одан қалды ағылшын, математика, шахмат дейсіз бе барлығы да қолжетімді. Ата-ана бұл үшін қаржысын да уақытын да аямай, қадағалап, баласының алған Мақтау қағаздары мен медальдарын әлеуметтік желілерде жариялап, туған-туыс пен дос-жаранның құттықтауына есі кетіп, абыройы бір асқақтап қалады. Баласына ол ұнай ма, ұнамай ма, оны елеп-ескеріп жатқан ата-ана жоқ. Бәрі емес, әрине. Бірақ көпшілігі солай. Мектепті бітіре салысымен баласы шетелге оқуға түссе, төбесі көкке бір елі жетпей, одан бақытты, одан абыройлы ата-ана болмайды.

    Мұнда тұрған не бар дейсіз ғой? Енді сол балалардың тағдырына көз жүгіртіп көрейік. Бармаған жер, баспаған тауы қалмай, үйірмеден-үйірме қоймай, ағылшынша судай, есепке жүйрік балаңыз өмірдің сан-қырлы сынақтарына шыдамай, үп еткен желге қаңбақтай иіріліп шыға келеді. Шетелге оқуға немесе жұмысқа кеткендердің басым бөлігі қалайда сол жерде қалудың бар айла-шарасын жасайды. Өз халқын қор санайтындар да жоқ емес. Ал елге келіп қызметке орналасқандардың алды адам өлтіріп, халықты қанап, енді бірі әлі күнге ата-анасының шылғауынан шыға алмай жүрсе, құмар ойынның құрбаны болып кеткендер қаншама?

    Сонда ата-ананың кезінде көзі ашық болсын, білімді, өнерлі болсын, болашағы жарқын болсын деп шыр-пыр болып жүгірген еңбегі қайда кетті? Мұның басты себебі – рухани тәрбиенің болмауында, адамгершілік құндылықтардың ескерусіз қалуында. Ал рухани қазынаның алтын кені қазақы тәрбиеде жатыр. Бала дүниеге келе салған сәттен оны бесікке бөлеп, бесік жырының мәнді әуезімен ақ парақтай сәбидің санасына өшпес құндылық құйылады. «Иманның тоқсан тоғызы әдептен тұрады» деп балаға әдеп үйретеді. Өзгенің ала жібін аттама, өтірік айтпа, сертіңе берік, досыңа адал бол деп игі істердің бәрін санасына берік қып бекітеді. Түрлі аңыз-әңгіме, ертегілер, қисса-дастандарды жатқа айтқызып, ойлау өрісін жетілдіреді. Бала ондағы әр кейіпкердің тағдырын жан дүниесімен сезініп, ненің дұрыс, ал ненің қате екенін бағамдай бастайды. Сол шығармалардағы оқиғалар өз басына келгенде ол дұрыс шешімді жаңылмай табатын болады. Қазақтың маңдайына біткен өр тұлғаларының қай-қайсысын алсаңыз да ұлы жолының алғашқы баспалдағы рухани ілімді меңгеруден басталған. Көкірегі құндылыққа толғаннан кейін ғана орыс оқуына барып, әрі қарай түрлі сала бойынша өз білімін жетілдіретін болған.

    Жан дүниесі мәнді, мағыналы дүниеге толған, оның үстіне заман талабына сай ілім мен технологияны, шет тілдерін де меңгерген жан өмір жолында кездескен кез келген кедергіні бұзып-жарып, өз дегеніне жетеді, әлсізге пана, жетімге қамқор болады, мейірім-шапағатымен жамандық атаулыға тосқауыл қояды. Яғни ғылым мен білімнің іргетасында міндетті түрде рухани тәрбие тұруы тиіс. Мұны ескіліктің сарқыншағы деп шетке ысыра берсеңіз, соңы үлкен қасіретке алып келуі әбден мүмкін.

    Гүлзат Байқонысова

    Ұсынымдар

    АХАТ қызметі оңтайланды

    АХАТ қызметі оңтайланды

    2 years ago
    Мемлекеттік басқару академиясына құжат қабылдануда

    Мемлекеттік басқару академиясына құжат қабылдануда

    3 weeks ago
    Қапшағайда 8 адам мінген қайық суға батып кете жаздады

    Қапшағайда 8 адам мінген қайық суға батып кете жаздады

    2 years ago
    Дайындық жұмысы пысықталды

    Дайындық жұмысы пысықталды

    2 months ago
    Жұмыс қарқыны жоғары

    Жұмыс қарқыны жоғары

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>