-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тазалық эстафетасы мәресіне жетті

    14.06.2024
    in Барлық жаңалықтар, Экология
    Тазалық эстафетасы мәресіне жетті
    0
    SHARES
    31
    VIEWS

    «AMANAT» партиясының бастауымен өткізілген  «Таза Қазақстан» Road-эстафетасы өз мәресіне жетті. Ақмола облысынан басталған акция Қарағанды, Жамбыл облыстарында жалғасын тапты. Эстафетаны Қаншеңгелді ауылдық округінен қабылдап алған облыстық «Жастар рухы» жастар қанатының еріктілері, аманаттықтар мен өңір тұрғындары «Астана – Алматы» тас жолының басым бөлігін қоқыстан тазартты. Одан әрі Іле ауданы Ақши ауылында жалғасқан акция Қонаев қаласында қорытындыланды.

    –  Эстафета барысында 224 шақырым жерге тазалық жұмыстары жүргізілді. Шара басталғалы халықтың бұл акцияға оң көзқарасын байқадық. Ал қоршаған ортаның тазалығы бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жақсарған. Акцияға қатысқандардың еліне, жеріне, оның көркем табиғатына деген сүйіспеншілігі артты, тазалық отбасы – ошақ қасынан басталатынын түсініп, біркісідей атсалысты. Тазалық жұмыстарынан бөлек елдімекендердегі ауыл тұрғындарының мұң-мұқтажы мен түйткілді мәселелеріне құлақ түру үшін Ақши ауылында кездесу өткіздік. Онда «AMANAT» партиясының бастауымен ұлттық бағдарламаға енген «Ауыл аманаты», «Жер аманаты», «Қарыссыз қоғам» бағдарламалары туралы баяндап, қаржы сауаттылығын арттыруға, жерді жалға алуға, кәсіп ашып, оны дамытуға мүмкіндік беретінін түсіндірдік. Нәтижесінде 47 адам өтінім беріп, 16 тұрғын несие алды. Жеке мәселелері бойынша да тұрғындар өз қиындықтарын айтты. Оларға мәселені қалай шешуге болатындығы жайында кеңес бердік, – деді облыстық «AMANAT» партиясының төрағасы Қуат Байғожаев.

    Эстафетаға белсене қатысқандардың бірі – Жамбыл ауданындағы ішкі саясат бөлімінің басшысы Айткүл Медеуова. «Сарытауқұм, Бозой, Айдарлы, Үлгілі ауылының 70-ке жуық тұрғыны акцияға өз үлесімізді қостық. Қаншеңгелдіден бастап екі шақырым жерді қоқыстан тазарттық. Алдағы уақытта «Таза бейсенбі», «Таза сенбі» күндері белгіленіп, тазалық жұмыстарын әлі де жалғастыру жоспарлануда», – деді ол. Ал Жамбыл ауданы Қарғалы ауылынан келген Қайырбек Мұхит акцияға осымен үшінші рет қатысып тұрғанын, өңір тұрғындарынан бөлек шараға Астана мен Алматы қаласынан да еріктілер көмек қолын созғанын айта келе, акцияның жоғары деңгейде өткенін жеткізді.

    Акцияның жабылу рәсіміне Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев та қатысып, жылы лебізін білдірді. «Жобаға бренд амбассадор болу туралы ұсыныс түскенде қуана-қуана келісімімді бердім. Себебі бұл әлеуметтік желідегі миллиондаған оқырманға үндеу тастаудың ұтымды жолы еді. Астана қаласында басталған акцияның алғашқы үш шақырымын тазалауға өзім де атсалыстым. Мұндай шараларға әр Қазақстан азаматы өз үлесін қосса екен деймін. Жоба халықтың экологиялық мәдениетінің қалыптасуына үлкен септігін тигізеді. Көбіне сенбілік деп демалыс күндері қызметкерлерді тазалық жұмыстарына шақырып алады. Мұны бейсенбілікке ауыстырайық деп ұсыныс айтқан болатынмын. Бұл қазір үлкен қолдау табуда. Акцияға қатысқан адам бұдан кейін өзгенің де еңбегін бағалайтын болады. Сондай-ақ «Таза Қазақстан» деген ұғым тек қоқыспен шектелмесе екен деймін. Бұл адамның ой-санасының, ниетінің, сөзінің, ар-ұятының тазалығымен біте қайнасып жатуы тиіс. Сонда ғана Таза Қазақстан орнайды», – деді ол.

    Эстафета нәтижесінде 2000-ға жуық еріктінің қатысуымен 100 тонна қоқыс жиналып, қайта өңдеуге жіберілді.

    Гүлзат Байқонысова

     

    1 of 7
    - +

    1.

    2.

    3.

    4.

    5.

    6.

    7.

    Ұсынымдар

    Үндістандық дәрігерлер 100-ден аса науқасты қабылдады

    Үндістандық дәрігерлер 100-ден аса науқасты қабылдады

    2 years ago
    Таутұлға ұлықталды

    Таутұлға ұлықталды

    12 months ago
    Қазақ тілін үйретеді

    Қазақ тілін үйретеді

    10 months ago
    Өшпейтіндей қалдырған  өз бейнесін

    Өшпейтіндей қалдырған өз бейнесін

    7 months ago
    Дәрі-дәрмек. Көрнекі сурет

    Дәрі-дәрмекті өзіміз де өндіреміз

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>