⛅
9°C
Қонаев
Сенбі, Қараша 22, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Еңбектері еленді

    17.07.2024
    in Барлық жаңалықтар
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Кеген аудандық Мәдениет үйінде ветеринария саласы қызметкерлерін марапаттауға арналған салтанатты жиын өтті. Оған аудан әкімі Нұрбақыт Теңізбаев, әкімшілік қызметкерлері, ауыл әкімдері, сала ардагерлері мен мал дәрігерлері қатысты.

    Жиналған қауым ең алдымен Мәдениет үйінің фойесіне ветеринариялық заттар қойылған көрмені тамашалады. Шарада сөз алған Нұрбақыт Молдахметұлы:

    – Экономиканың негізгі тірегі болып саналатын мал шаруашылығы саласында ветеринарияның алар орны ерекше. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Мал басының амандығы және өнімділігі жергілікті ветеринарлардың тиімді жұмысына байланысты. Бұл түптеп келгенде ауылдағы ағайынның әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Ветеринария қызметі қазіргі заман талабына сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес» – деп, бұл орайда Үкіметке нақты тапсырмалар берген болатын.  Бүгінде стратегиялық маңызы бар сала қарқынды дамып келеді. Бұл істе өздеріңіздің де  қолтаңбаларыңыз бар. Сіздердің жұмыстарыңыз өте ауқымды. Жануарлардан таралатын қаншама ауруларды емдеумен айналысып, өз өмірлеріңізді тәуекелге тігіп, жұмыс жасайсыздар. Аудандағы 48 мың бас ірі қара, 32 мың бас жылқы мен 187 мың бас қой-ешкінің амандығы, санының артуы және тұқымының асылдануы ветеринария саласына тікелей қатысты. Қазіргі таңда кереге таулы Кеген өңірінде ветеринария саласында 111 қызметкер, оның ішінде 100 ветеринариялық дәрігер абыройлы қызмет атқаруда, – дей келе жеткен жетістіктерге ат салысып, аянбай тер төккен еңбеккерлерге алғысын білдірді. Бұдан соң бірқатар азаматқа ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Құрмет грамотасы, «Алматы облысы ветеринария саласындағы қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Еңбек ардагері» төсбелгісі, облыстық ветеринария басқармасының Алғыс хаты, Кеген ауданы әкімінің Құрмет грамотасы табысталды. Төсбелгілерді кеудесіне таққандардың қатарында осы салада талмай қызмет етіп келе жатқан Бектұрсын Абдрахманов, Шалабай Дәуталиев сынды азаматтар бар.

    Жиын барысында ветеринария саласының ардагері Қаби Сақалов:

    – Мал дәрігерлерінің атқаратын ісі көп. Мал өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуден бастап, жануарларға жұқпалы ауруларға қарсы екпе салу, қан алу сынды жұмыстарды атқарып келесіздер. Осынау еңбектеріңізге табыс тілеймін! Алған марапаттарыңыз құтты болсын! – деп тілегін білдірді. Сондай-ақ аудандық ветеринарлық станса директоры Қабыл Төкенов, шаруақожалық қауымдастығының төрағасы Жұмаш Суатаев, ветеринария саласының ардагерлері Үсен Албанов, Кеңесжан Масеновтер жылы лебіздерін жеткізді.

    Салтанатты жиын соңында аудан өнерпаздары Шәмші Мәжит, Бахаргүл Айтбаева, Нұрым Байбала ән мен күйден шашу шашты.

    Дәурен Әбутәліпов,

    Кеген ауданы

     

    Ұсынымдар

    Өтініштер ескерусіз қалмайды

    Өтініштер ескерусіз қалмайды

    1 year ago
    Экономикаға оң әсер етеді

    Экономикаға оң әсер етеді

    1 year ago
    Білім нәрімен сусындатқан

    Білім нәрімен сусындатқан

    6 months ago
    Қазақстанда 10 тамыз – Абай күні

    Қазақстанда 10 тамыз – Абай күні

    2 years ago
    Қонаевта жас ақындар айтысы өтеді

    Қонаевта жас ақындар айтысы өтеді

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>