-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында жылу электр орталықтары газға қосылады

    17.07.2024
    in Барлық жаңалықтар, Өңір тынысы, Экология, Энергетика
    Алматы облысында жылу электр орталықтары газға қосылады
    0
    SHARES
    16
    VIEWS

    Алматы облысының экологиялық жағдайын жақсарту үшін кешенді Жол Картасы бекітілген еді. Бас құжат 2023-2025 жылдар аралығында орындалуы тиіс. 1,5 млн халқы бар өңірдегі мәселенің түйінін тарқатуға негізделген бұл картаны Экология министрлігі мен Алматы облысының әкімдігі бірлесе әзірлеген.

    Аталмыш Жол Картасы бес бағытты қамтиды. Әуелгісі жылу электр станцияларын газға ауыстыру. Кешенді жоспарға сәйкес, өңірдегі ЖЭО 2026 жылға дейін көгілдір отынмен қамтылуы тиіс. Екінші бағыт та газға қосылуға негізделген. Мұнда Алматы қаласына жақын орналасқан бес аудандағы елді мекендердегі тұрғын үйлерді, әлеуметтік мекемелер мен кәсіпорындарды газбен жабдықтау қарастырылған. Бұл тіпті, «Алматы агломерациясы» туралы заңда да көзделген.

    Алматы облысы экология департаментінің басшысы Қонысбек Байеділовтың айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстарға облыстық Тұрғынүй коммуналдық шаруашылығы басқармасы жауапты, дей тұрғанмен, алдағы үш жылда елді мекендер толықтай газға қосылады деп күтілуде.

    Жол картасында көрсетілген келесі бағыт – көгалдандыру. Айналаны аббаттандыру – экологиялық мәселені шешудің тиімді жолы, дейді мамандар. Сол үшін де ағаш отырғызу аса маңызды. Өткен жылы 100 мың ағаш отырғызылса, биыл олардың саны он мыңға өсіп, 110 мың түп ағашқа жетпек. Бұдан бөлек, су ресурстарының жайы да жол каратсында көрсетілген. Алғашқы басты жұмыс кәріз жүйелерінің құбырларын ауыстыру болып тұр. Сондай-ақ, Еңбекшіқазақ ауданының маңайындағы су асты ұңғымаларын ретке келтіру керек.

    Экологиялық Жол картасындағы соңғы бағыт – тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеуге ден қою. Алматы облысында жалпы жеті қоқыс жиналатын алаң бар, оның екеуі әлі заңдастырылмаған. Сонымен қатар, облыста тұрмыстық қалдықтардың тек жиырма бір пайызы ғана қайта өңделеді. Қонысбек Ескендірұлының сөзіне сүйенсек, бұл төмен көрсеткіш. Мұның алдын алмаса, экологияға келетін кері әсері арта түспек. Айта кетейік, облыс көлемінде 350 заңсыз қоқыс үйіндісі бар. Бүгінгі күні бұлардың санын азайту жұмыстары жүргізілуде.

    Ұсынымдар

    Жандарбек Мәлібеков: Алматы облысы жаңа өркениеттің алдында тұр

    Жандарбек Мәлібеков: Алматы облысы жаңа өркениеттің алдында тұр

    2 years ago
    АХАҢНЫҢ ЖОЛЫН ҚУҒАН

    АХАҢНЫҢ ЖОЛЫН ҚУҒАН

    8 months ago
    Алматы облысында сайлауға дайындық барысы пысықталды

    Алматы облысында сайлауға дайындық барысы пысықталды

    2 years ago
    АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАНЫ НАРЫҚТЫҚ БИЛІКТІ ТЕРІС ПАЙДАЛАНУДЫ ТОҚТАТУ АМАЛДАРЫ

    АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАНЫ НАРЫҚТЫҚ БИЛІКТІ ТЕРІС ПАЙДАЛАНУДЫ ТОҚТАТУ АМАЛДАРЫ

    4 weeks ago
    Балық аулағанда қауіпсіздік ережелерін сақтау керек – ТЖД

    Алматы облысында балық шаруашылығын дамытуға 5 ірі жоба іске асырылуда

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>