-13 °c
Qonaev
Tuesday, May 13, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тіл – тұғырың

    24.07.2024
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Мәдениет, Мемлекеттік тіл
    Тіл – тұғырың
    0
    SHARES
    22
    VIEWS

    Тіл – ұлт руханиятымыздың өзегі. Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтіп, мәртебесін көтеру — еліміздегі әрбір азаматтың парызы. Осы мақсатта тура 35 жыл бұрын, яғни 1989 жылдың 22 қыркүйегінде қазақ тілі «Мемлекеттік тіл» мәртебесіне ие болып, «Тіл туралы» Заң қабылданған болатын. Сол жылы «Қазақ тілі» қоғамы барлық өңірде құрыла бастады.

    1990 жылы 14 наурызда ауданымызда да «Қазақ тілі» қоғамы құрылды. Оған тіл жанашыры, Аманкелді Бұқабаев төрағалық етті. Ол жұмысты өте жоғары деңгейде ұйымдастырып, «Асыл мұра» газетінің шығуына ықпал етті. Қоғамға мүше болған аудан азаматтарының қатары артты. Қоғамдық ұйым мемлекеттік тілдің қолдану аясының кеңеюіне, мәртебесінің артуына көп септігін тигізді. 2006-2007 жылдары “Қазақ тілі” қоғамына жергілікті ақын Нәби Рысбеков төрағалық етті. Ол қоғам жұмысын әрі қарай өз деңгейінде жүргізді. Одан кейін тіл жанашыры Мәдениет Ұнасбаев жұмысты жалғастырды.  2010 жылдың 29 қарашасынан Жандыбай Аманжолов Райымбек аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы болып сайланып, 2022 жылға дейін жұмыс атқарды. Былтырғы қаңтар айынан педагог Индира Ұзақ төрағалық етіп келеді. Екі ауданның бөлінуіне байланысты, 2018 жылы 31 шілдеде Кеген аудандық «Қазақ тілі» қоғамы» болып атауы өзгерді.

    Қазіргі «Қазақ тілі» қоғамының атқарып жатқан жұмысын білу мақсатында Индира Ұзаққа жолығып, көкейдегі сауалымызды қойған едік.

    – «Қазақ тілі» қоғамының басты мақсат-міндеті қандай? Нендей шараларды жүзеге асырады?

    – Қоғамның негізгі мақсаты – қазақ тілінің республика және одан тыс жерлерде кеңінен қолданылуына байланысты мемлекеттік, қоғамдық әртүрлі ұйымдар мен ұлттық мәдени орталықтарға және азаматтарға көмек көрсету, кеңес беру. Қоғам жарғысының негізгі міндеттеріне мыналар жатады: мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында барлық тиімді тәсілді, әсіресе бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен пайдалану, тілдік ортаны қалыптастыратын мектепке дейінгі мекемелер мен мектептерге деген сұраныстардың орындалуын қадағалап, отбасында, мекемелерде, басқа да орындарда тілге деген ынта-ықыласты арттырып, отаншыл азаматтар тәрбиелеу, әсіресе жастардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Осы орайда тіл мәдениетін дамытуға және лингвистикалық сауаттылықты жетілдіруге арналған шаралар өткізіп,  тақырыптық кештер мен кездесулер ұйымдастырудағы, — деген Индира Рақымқызы аталмыш қоғам ауданда өзіндік орнын жоғалтпай, тіліміздің мәртебесін асқақтатуға, жас ұрпақ тәрбиесіне зор үлес қосып келе жатқанын атап өтті.

    Сондай-ақ, Индира Рақымқызы қоғам құрылған күннен бастап бүгінгі күнге дейін атқарылған қыруар істі ауыз толтыра әңгімелеп берді. Қоғамның алғашқы төрағасы Аманкелді Бұқабаевтың ерен еңбегін тілге тиек етті.

    Бұдан біздің түйгеніміз, қоғамдық ұйым жұмысының өз деңгейінде жүруінде тіл жанашырларының қосқан  үлесі зор.

    Дәурен Әбутәліпов,

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Тиімді жоба

    Тиімді жоба

    8 months ago
    Қапшағайға былтыр миллионнан астам турист келді

    Қапшағайға былтыр миллионнан астам турист келді

    2 years ago
    «Қазақстан ғылымында бәсекеге қабылетті, жаңа буын жастар бар»

    Ғылымға қолдау артып келеді

    12 months ago
    Keden ақпарат жүйесін іске қосудың аралық қорытындылары

    Keden ақпарат жүйесін іске қосудың аралық қорытындылары

    5 days ago
    Қапшағай көлінде адасып кеткен жастар аман-есен табылды

    Қапшағай жағалауындағы 42 жер телімі мемлекетке қайтарылады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>