-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Алматы облысында 29 мың жаңа жұмыс орны құрылды

    21.08.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Премьер-министр: Алматы мен Атырау облыстарында негізгі макроэкономикалық өсім төмен

    Фото: Gov.kz

    0
    SHARES
    9
    VIEWS

    Алматы облысында 500 мыңға жуық отбасының ақпараты цифрлық картаға енгізіліп, 300 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

    Алматы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Айгүл Ахметованың айтуынша, цифрлық карта арқылы халықтың әлеуметтік мәртебесі мен әл-ауқатының деңгейі анықталады, бүгінгі күні картаны толықтыру жұмыстары әлі де жалғасуда.

    Сонымен қатар, спикер өңірдегі ауқымды мәселелердің бірі – жұмыспен қамту туралы сөз етті.

    Атап айтқанда, облыс бойынша 29,1 мың жаңа жұмыс орны ашылып, оның 66 пайызы тұрақты жұмыс орындары ретінде бекітілді. Бұл көрсеткіш өңірдегі жұмыссыздық деңгейін төмендету және тұрақты жұмыс орындарын құру бағытында маңызды жұмыстар жасалғанын көрсетеді.

    Мәселен, жұмыспен қамту органдарына 43 мың адам жүгінген болса, олардың 30 мыңы жұмыссыз мәртебесін алды. Сонымен қатар, 9 мың адам субсидияланатын жұмыс орындарына орналасты, ал ұлттық жобалар аясында 509 адам жұмысқа қабылданды.

    Бұдан бөлек, арнаулы әлеуметтік қолдаудың аясында 5 531 отбасы немесе 31 068 адам жәрдем алып, 1 жастан 6 жасқа дейінгі 9 968 балаға қосымша әлеуметтік төлемдер төленді.

    “Әлеуметтік осал топтарға жататын 417 мың азаматқа, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарға қайырымдылық көмек көрсетілді. Облыста арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 8 мекеме, оның ішінде 7 мекеме стационарлық жағдайда жұмыс істейді.

    Жалпы, облыста 42 236 мүгедектігі бар азамат тіркелсе, олардың 79 пайызы қажетті техникалық құралдармен, санаторлық-курорттық еммен, жеке көмекшімен қамтылды”, – дейді Айгүл Матанқызы.

    Ұсынымдар

    Тоқаев: Алаш арыстарының күресі ақталып, тарихи әділдік орнаған күн

    Тоқаев: Алаш арыстарының күресі ақталып, тарихи әділдік орнаған күн

    2 years ago
    Жеңіс тұғырынан көрінді

    Жеңіс тұғырынан көрінді

    12 months ago
    Қонаев қаласы әкімінің шыршасы өтті

    Қонаев қаласы әкімінің шыршасы өтті

    5 months ago
    Алматы облысында 629 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады

    ОСК төрағасы: Сайлау күні заң бұзған 42 адам жауапқа тартылды

    2 years ago
    Жаңа оқу жылына – жаңартылған мектеп

    Жаңа оқу жылына – жаңартылған мектеп

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.