-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Мектеп – мейірім мекені

    04.09.2024
    in Барлық жаңалықтар, Қоғам
    Мектеп – мейірім мекені
    0
    SHARES
    54
    VIEWS

    Райымбек ауданында бастауышы, негізгісі, ортасы бар, барлығы 22 мектеп жаңа оқу жылын 7 мыңға тарта оқушымен бастады. Олардың 500-і бірінші сыныптың табалдырығын аттаған балауса шәкірттер, 308-і 11-сыныпқа барған оқушылар. Жас буынды білім нәрімен сусындатуға 1000-ға тарта ұстаз өз білім-біліктерін арнауда.

    Мәселен, Нарынқол ауылындағы О.Жандосов атындағы орта мектеп табалдырығын 22 балғын шәкірт тұңғыш рет аттап отыр. Аталған мектептің директоры Миятжан Сақанұлының сөзінше, білім ошағының өткен оқу жылындағы жетістігі мен оқу-үлгерім сапасы көңіл тоғайтады. Мектептегі ұстаздардың санасы саңлақ, рухани адамгершілік құндылықтарды бойына сіңірген тұлға қалыптастырудағы қажыр-қайратқа толы еңбегі орасан. Өткен оқу жылын 312 оқушы бітіріп, білім сапасы 74 пайызды құраған. Облыстық, республикалық білім бәсекелеріне қатысып, жүлделі орындардан көрінген оқушылардың ізденісі үлгі-өнегенің қайнар көзіне айналған. Бүгінде мектеп бітірген 12 түлектің жетеуі жоғары оқу орындарының білім грантына ие болды. Мәселен, Жұлдыз Әділақын атты оқушы орта мектепті «Алтын белгіге» бітіріп, ҰБТ-дан 120 балл жинады. Сөйтіп, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің студенті атанды. Сондай-ақ, Сандуғаш Тұрғанбек Қыздар педагогикалық университетіне, Аяжан Құдайберген Спорт және туризм академиясына, Мерей Нәдірбек әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне, Ерсұлтан Бағдатұлы, Біржан Дәуіт, Ерасыл Нұрғали сияқты түлектер Қазақ ұлттық аграрлық университетіне мемлекеттік грант арқылы оқу мәртебесіне ие болып отыр. Әрине, мектеп үшін бұл ең жоғары көрсеткіш екенін қалай мақтаныш етсе де, артық емес. Кәусар Смайыл, Мадина Көкен, Назерке Еркешқызы, Қарақат Марат, Еркенұр Батан, Заңғар Нұрдәулет, Мадияр Тоқтарбай, Хадиша Баянбай, Шахизада Іңкәрбаева, Фатима Баянбай, Толғанай Баратжан, Нұркен Мәден, Нұрислам Қоқанбай сияқты облыстық, республикалық шараларда нәтижелі көрсеткіштерді иеленген алғыр шәкірттерге де артылар сенім зор. Шәкірттердің білім деңгейін биіктен көрсетуге Рауза Мәсімғазиева, Гүлбану Сәркеева, Айжан Дәуітова, Нұргүл Темірбаева, Ирина Жұмағұлова, Айнұр Нұрмұханбетова, Назым Мұқаева, Айсұлу Берімқұлова сияқты ізденістерін еселі еңбекпен ұштастыруды алдына мақсат ете білген білімді де білікті ұстаздарға мектеп тарпынан көрсетілер құрмет аясы шексіз.

    Мектептің жетістігін осылайша жіпке тізген директор ата-аналар туралы да сөзіне қосты. «Оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруде ата-ана қолдауы әрқашан маңызды. Бүгінгі білім бәсекесі салтанат құрып тұрған заманда ұстаздар мен ата-аналардың бір арнаға тоғыстырған еңбегі балаларды білім шыңына жетелейді», – дейді мектеп басшысы.

    Аудандағы Б. Соқпақбаев атындағы мектеп-гимназиясының да білім беру сапасы жайлы тұрғындар тарапынан жиі айтылады. Мұндағы оқушылар әртүрлі үйірмеге қатысып, байқауларда топ жарып, өңірдің атын шығаруда. Ұстаздардың біліктілігі де талапқа сай. Жыл сайын кәсіби дағдыларын шыңдап, оқытудың жаңа әдіснамаларын меңгеріп отырады. Өз сөзінде мектеп директоры Гүлмира Төлегенова өткен оқу жылының жетістігі жақсы екенін тілге тиек етті. Айта кетерлігі, биыл білім ошағының есігін 52 балғын шәкірт аттап, 1-сыныпқа қабылданған. Барлығы 35 оқушы 11-сынып партасына отырған. Олардың көпшілігі болашақ мамандықтарын таңдап, өз бағыттарында білім алуда.

    Жұмабек ТҰРДИЕВ

                               Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    Құжаты жоқтың құқығы да жоқ па?

    Құжаты жоқтың құқығы да жоқ па?

    2 years ago
    АЗАМАТ ЕДІ АСҚАР ТАУ

    АЗАМАТ ЕДІ АСҚАР ТАУ

    7 months ago
    Рәміздерге құрмет – ортақ міндет

    Рәміздерге құрмет – ортақ міндет

    2 years ago

    Ізгілікті іс

    8 months ago
    Алматы облысында 270 саяжай алабы елдімекен санатына қосылады

    Алматы облысында 270 саяжай алабы елдімекен санатына қосылады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.